«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Азаматтық Ұйымдардың рөлі

10-сәуірде  аудан  әкімдігінде атқарушы  биліктің  мемлекеттік емес ұйымдардармен әлеуметтік- экономикалық    және  қоғам өмірінде  бірлесіп  атқарар жұмыстары  талқыланды.  Айтылмыш  отырысқа  аудан  әкімінің орынбасары  Ж.Сағынаев, мемлекеттік  ұйымдардың  басшылары, мемлекеттік емес ұйымдармен  ұжымдардың,  қоғамдық құрылымдар  мен  қорлардың өкілдері қатысты.

Мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  аясында,  мемлекеттік емес  ұйымдармен  ауданның жұмыспен  қамту және  әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің  бірлесіп атқарған  жұмыстары  туралы бөлім  басшысы  Ерген  Абдраев  мәлімдеді.  Баяндамашының мәліметіне  сүйенсек,  ҚҚ «Бейбітшілік»  ақыл-ойы  шектелген 18 жасқа дейінгі және жасы 18 асқан  балаларға  күндізгі  уақытта арнайы  әлеуметтік  қызметтер көрсетеді.  Өткен  2017 жылы  қоғамдық  қор мүмкіндіктері шектеулі  12  адамға  арнайы әлеуметтік қызмет көрсеткен.

«Шағын  несие  ұйымы  Ертіс» ҚҚ  мүмкіндіктері  шектелген  және жастарының  ұлғаюына  байланысты  өзін-өзі  күте  алмайтын  6 адамға  арнайы  әлеуметтік  көмек көрсетеді.

«Павлодар  облыстық саңыраулар  қоғамына»  ҚБ (қоғамдық  бірлестік)  қарасты Қоғамдық  бірлестік  «Медет – Павлодар»  маманы  аудан аумағындағы  кемтарларға  ишара (қол қимылдарымен) белгілерімен арнайы қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік  тапсырыс  аясында ауданның ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік  емес  ұйымдармен бірлесіп  атқарған  жұмыстары  туралы  бөлім  басшысы  А.Тілеуова баяндады.  Бұнымен  қатар  аудан  аумағында  әр  салада жұмыс істейтін  азаматтық  ұйымдар бұлар-партия филиалдары,  этно-мәдени  бірлестіктер,  кәсіподақ, жастар,  ардагерлер  қоғамдық ұйымдары  туралы  ақпарат тыңдалды.

Ауданның  «Жастар  бастамаларын  дамыту  орталығы»  үнемі «Бейбітшілік» ҚҚ  тығыз  байланыста жұмыс жүргізіп келеді.

Азаматтық  белсенділікті арттырудағы кәсіподақтың рөлі туралы «Ауданға  қызмет  көрсететін мемлекеттік  банк  ұйымдарының жергілікті  кәсіподақ  бірлестігінің төрайымы  Бақытгүл  Аралбаева  мәлімдесе,  азаматтық ұйымдардың ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық өміріндегі рөлі  туралы  «Бейбітшілік»  ҚҚ төрағасы  Аманғали  Ыдырысов мәлімдеді.

Әрі қарай конструктивті әрекеттесу бойынша ұсыныстар айтылды.