«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Халықтың сандық сауаттылығы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Баянауыл ауданы бойынша алғашқы «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

Баянауыл ауданы Қаратомар ауылының Жайма жалпы орта білім беру мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Кабинеттің ашылуына «МТС Жайма» ЖШС-нің директоры Батырбек Алдабергенов қолдау білдірген. – Жастардың өз еліміздің тарихын жетік меңгеріп, ұлттық рухта тәрбиеленуі үшін аталмыш кабинеттің маңызы зор, – деді Батырбек Алдабергенов. – Бұл барлығымызға артылған жүк. Себебі, жастар – ел ертеңі. Оларға бағыт беру – алдыңғы буынның адамзаттық парызы. Ұлттық мүддені көздейтін қандай да бір бастамаға қолдау білдіруді өзімнің азаматтық парызым деп білемін. Мектептің ардагер ұстаздары мен ауылдың ақ жаулықты әжелері ақжарма тілектерін білдіріп, ақ баталарын берді. – Бұл өте маңызды оқиға. Аудан бойынша Жайма мектебі көш бастап, алғашқы болып ашып отыр, – деді аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Манарбекұлы. – Мұндай бастама аудан көлемінде жүріп, осы негіздегі кабинеттер басқа да ауылдарда ашылса, тіпті жақсы болар еді. Мұның тәрбиелік маңызы жастар үшін тағылымды. Өйткені, адам баласы өз Отанының тарихын, туған тілін, мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан тұлғалар жайлы білмей жатып, өз елінің лайықты азаматы бола алмайды. Мектеп директоры Гүлтай Алтайқызының айтуынша, кабинет заманауи талаптарға сай жабдықталып, еліміздің өткені мен бүгіні шебер үйлесім тапқан. Бір бұрышында ауданның белгілі тұлғалары туралы кітаптар топтастырылса, енді бір бөлігінде өңірдің киелі жерлері мен тарихи орындары туралы деректер жинақталған.