«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Мемлекеттік рәміздер

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

 

 

 

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.  Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек – алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

 

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны

 

        Сөзді жазған: Жумекен Нажмиденов, Нурсултан Назарбаев

Әнді жазған: Шамши Калдаяков

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарас қан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным

 

 

 

 

Unfortunately, there is no single platform that will work for application essay writing service with www.topadmissionessay.com all teachers or all classes