«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Халықтың сандық сауаттылығы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Ең әдемі ұлттық киім киген павлодарлықтарға сыйлықтар ұсынылады

Павлодарда 30-сәуір Наурыз мерекесін атап өтудің соңғы күні ең әдемі ұлттық киім киген тұрғындарға сыйлықтар табысталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген аппараттық жиында  өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты. – Мереке күні әркім орталық алаңға өзіне жарасатындай ұлттық киім киіп шықса, наурыздың мән-мағынасы мен салтанаты да арта түседі, – деді Ардақ Райымбеков.  – Осыған орай қазірден  бастап БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпарат таратылуда. Үздік деп танылған ұлттық  киімдер  үшін тұрғындарды ынталандыру қарастырылған.  Мерекеге орай әзірленген  бағдарлама  тұжырымдамасының жобасына сәйкес Астана қаласының «Жадо» сән театры, «Нұр», «Томирис», «Шаңырақ», «Шернияз»  бишілері және Ақсу, Екібастұз қалаларынан келетін ұжымдар, жылдың 12  айын  бейнелейтін хайуанаттар  кейіпіндегі  қуыршақтар өз өнерлерін ортаға салады.  Басқарма басшысының айтуынша, орталық алаңда жас суретшілер мен шеберлердің ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрден сыр шертетін декоративті «Тайқазан», «Сәукеле», «Бөрік» сияқты инсталляциялар орнатылады. Арнайы шабандоз атымен көпшілік алдында «Қара жорға» биі  орындалады.  Еліміздің әр облыстары және Астана, Алматы қалаларынан арнайы мерекемен құттықтауға келетін әншілер «14×16» немесе «Өңірлерден сәлем» форматында басты сахнада өнер көрсетіп, облыс тұрғындарын мерекемен құттықтайды. Ұлыстың Ұлы күніне Парвиз Назаров, Қуандық Рахым, «Аюми» тобы мен Диана Шарапова сияқты эстрада жұлдыздарын шақыру  ұсынылған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Абзал Қабдраш