«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Павлодарда көріктендіруге белсенді қатысқан мекемелерді сыйлық күтеді

Павлодар қаласы әкімі аппаратының бастамасымен 14 сәуір – 14 мамыр аралығында мемелекеттік мекемелер және ұйымдар арасындағы байқау жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Байқаудың мақсаты – абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша өздеріне бекітілген көшелерде, қалалық жолдарда жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін ең белсенді мемлекеттік мекемелерді, ұйымдарды анықтау. Жұмысты бағалау келесі критерийлер бойынша анықталады: – өздеріне тиесілі аумақтарды абаттандыру бойынша нысандардың иелері арасында жұмыс ұйымдастыру; – өздеріне тиесілі аумақтарда абаттандыру бойынша мемлекеттік мекемелер, ұйымдардың қызметкерлерімен жұмыс жүргізу; – айлықтың қорытындысы бойынша белгіленген аумақтардың санитарлық жағдайы; – абаттандыру жүргізу сұрақтары бойынша өтетін жиындарда көшелер мен жолдардың апта сайынғы мониторингі қорытындыларында ешқандай ескертулердің болмауы; Нәтижелерді бағалау және қорытындылау үшін құрылған арнайы комиссия   үш белсенді қатысушыны  анықтайды. Конкурстың нәтижелері айдың соңында шығарылады. Жеңімпаздар абаттандыру және санитарлық тазалық айлығының нәтижелері бойынша қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтарға ие болады.