«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Халықтың сандық сауаттылығы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Павлодарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

Павлодар облысында басқарма басшылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын шаралар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Павлодар оқушылар сарайындағы «Рухани жаңғыру» кабинетінде өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дауенов және бағдарламаның облыстық кеңсесінің жетекшісі Зауреш Мұқашева қатысты. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сауле Османованың айтуынша, «рухани жаңғыру» мәселесіне жауапкершілікпен қарайтын әр мемлекеттік қызметшінің алдында өзіндік даму мақсаты болу керек. – Мысалы, мемлекеттік тілді толық меңгермеген әр адам оны үйренуі керек. Өңірімізде жыл сайын бірден қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгерген павлодарлықтардың саны артуда. Павлодарда мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін үйретудің тегін курсы ашылған, – деді Сауле Османова. Еңбек басқармасының басшысы Асқар Капанов ұсынған шаралардың ішінде Ертіс өңірінің кәсіпорындары арасында «Рухани жаңғыру» тақырыбында жасалған үздік бұйымдар байқауы бар. – Басты талап – өз қолымен жасалған болу керек, – деп түсіндірді Асқар Капанов. – Біздің металлургтер мен дәнекерлеушілер өткен жылы «Патша тағы ойыны» сериалындағы тақ пен «Рухани жаңғыру» құсын жасап, қолдарынан не келетінін көрсетті. Олар қазір жаңа жағалаудың сәнін келтіріп тұр. Осы жолы тағы бір таңқаларлық бұйым көргіміз келеді.

Асқар Қапановтың айтуынша, байқау ережесі әлі талқылау үстінде. –    Дәнекерлеуші мен құюшылары бар кәсіпорындарды байқадық, – деді еңбек басқармасының басшысы. – Олар металлдан шеберліктерін көрсетеді. Ал, мысалы, «Крендель» мен «Рубиком» не жасай алатыны белгісіз. Оған қоса, қатысушылар тек құстың мүсініне ғана тоқталып қалмай, басқа да дүниелер жасаса дейміз. Ішкі саясат басқармасынан жұмыскерлердің шеберліктері мен өндірістік қауіпсіздікпен ғана шектелмей, тұрғындарға өзгелердің еңбегін бағалауды үйрету керектігі айтылды. – Павлодарлықтар даяршыларға дөрекі сөйлеу, еден жуушыларды ренжіту дұрыс еместігін түсіну керек, – деді Ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дауенов. – Мен ылғида ашық сабаққа еден жуушыны алып келіп: «Бұл кісі – Айман апай. Мектеп таза болуы үшін ол таңғы сағат бесте тұрады» деп балаларға таныстырған елордалық мектеп директорын үлгі ретінде көрсетемін. Байқалғандай, сол сәттен бастап балалар аз қоқыс тастайтын болды. Бұның өзі – сананың рухани жаңғыруы. Барлық қатысушылардың есебін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев «Рухани жаңғыру» аясында жоспарланған әр жоба қоғамдық кеңеске ұсынылып, жан-жақты талқыланатындығын атап өтті. – Бізге адамдарды шынымен де өзгертетін ауқымды жобалар қажет. Құр есеп үшін атқарылатын шаралар керек емес, – деді Мейрам Бегентаев.

Дулат Райымбек

Фото: Светлана Воронова