«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Халықтың сандық сауаттылығы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Павлодарда тұңғыш рет театрландырылған қойылым симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді

Павлодарда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында Орталық алаңда көрсетілетін театрландырылған қойылым тұңғыш рет Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында белгілі продюссер, режиссер Алтынбек Рахметов айтты.

– Орталық алаңдағы іс-шаралар сағат 11:00-де басталады, – дейді бас ұйымдастырушы. – Бір сағат көлемінде жергілікті жұлдыздар өнер көрсетеді. Бұдан кейін театрландырылған қойылым Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жүзеге асады. Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің қатысуымен мұндай қойылым тұңғыш рет өтеді. Композитор, педагог, халық әртісі Латиф Хамидидің «Көктем вальсі» және елге танымал «Ұлы дала» композициясы сияқты туындылар орындалады. Жалпы, оған 100-ден астам өнерпаз қатысады. Барлық қатысушыларға жаңадан арнайы киімдер тігілді.

Айта кетейік, 30-сәуір күні Орталық алаңда өтетін «Наурыз мейрамында» 70-тен астам киіз үй тігіліп, сегіз ауылға бөлінеді. Бұл күні павлодарлықтар үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.