«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Халықтың сандық сауаттылығы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Павлодар облысында аудан бойынша алғашқы қос коворкинг орталығы ашылды

Павлодар облысында аудан бойынша алғашқы қос коворкинг орталығы ашылды. Оның бірі Лебяжі ауданының орталығы Аққу ауылында, екіншісі Қарақала ауылында орналасты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің меңгерушісі Дарико Табулова коворкинг орталықтары ересектер мен  балаларға  арналғанын атап өтті. – Бүгін облыс бойынша ауылдық жердегі коворкинг орталығы бірінші болып біздің ауданымызда ашылып отыр, – деді Дарико Табулова. – Әрине, бұл жағдай үшін өте қуаныштымыз. Мұнда тұрғындар өздерінің шығармашылық ойларын жүзеге асыра алады. Балалар да бос уақыттарын далада жүрмей пайдалы орында өткізеді. Екі орталыққа аудандық бюджеттен 500 мың теңге қаражат жұмсалды. Жыл аяғына дейін аудан орталығында тағы бір коворкинг ашу жоспарланған.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков қос орталыққа облыс әкімінің атынан 3D форматтағы көзілдіріктер тарту етті.

Қарақала ауылы кітапханасының жанындағы коворкинг орталығында бір мезетте 10 адам жұмыс жасай алады. Орталықта төрт алаң бар: жеке жұмыс және командалық жұмыс, еркін алаң және балаларға арналған. Аққу ауылындағы балаларға арналған аудандық кітапханасының меңгерушісі Зайра Апсаликованың айтуынша, кітапхананың 200-ден астам тұрақты оқырманы бар. – Мұндай орталықтың балаларға да арналып ашылып жатқандығы қуанышты, – деді Зайра Апсаликова. – Дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9-дан 18:30-ға дейін жұмыс жасаймыз. Балалар қалаған кітаптарын оқып, теледидар арқылы мультфильмдерін, моноблок арқылы ғаламтордан іздегендерін таба алады. Арнайы ойыншықтар да жеткілікті. Орталықтың сыйымдылығы 30 балаға арналған.

Айта кетейік, 2018 жылдың соңына дейін барлық 13 ауданда және әр ауданның бір ауылында коворкинг орталықтары ашылады.

Оразбек Саяхат

Фото: Дархан Өмірзақов