«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресуртары басқармасы» ММ мен облыста қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар арасында өткен кездесу бойынша ақпарат

Ағымдағы жылдың 6 сәурінде «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қорғана орта және су ресуртары басқармасы» ММ (ары қарай – Басқарма) мен облыста қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын, үкіметтік емес ұйымдар арасында кездесу өтті.

Кездесуге «ЭКОМ» ҮЕҰ төрағасы, Павлодар облыстық Орхус орталығының үйлестірушісі – Могилюк С.В., «Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығы» МҚКК директоры – Сейітханов С.Б., «Ұлы Ертіс» қауымдастығының төрағасы, су шаруашылығы ардагері –                         А.А. Әженов, «Республикалық экологиялық технологиялар орталығы» ҮЕҰ КҚ директоры – Регатунова М.А., Павлодар облысының «Тұтынушылар одағы» төрағасының орынбасары – Ю.Ф. Павленко, «Берегиня био» ҚҚ биолог-сарапшысы, – Пономарева Т.М келді.

(«Павлодар география үйі» ОО төрағасы – А.А.Вервекин, «Сердца Павлодара» ОФ төрағасы – М .Гребенкина жиласқа қатыса алмады).

Басқарма мен ҮЕҰ арасында қарым-қатынасты нығайту үшін, сонымен қатар мекемелер қызметінде пайда болған күрделі сұрақтарды шешу мақсатында аталған кездесу өткізілді.

Басқарма басшысы Қ.Қ.Сәтиев, облыс әкімі Б.Ж.Бақауовтын Экология жылы хабарламасы бойынша, ҮЕҰ жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті.

ҮЕҰ өкілдеріне Павлодар облысында 2018 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып, өткізілген іс-шаралар бойынша қысқаша шолу жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарлар құрастырды.

Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері, экология жылы аясында, жүргізетін жұмыстарымен таныстырып, Басқарма немесе басқа мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп, күрделі сұрақтарды шешуді ұсынды.

Осылайша, «ЕСОМ» ҮЕҰ төрағасы Могилюк С.В. Азаматтық Альянс аясында құрылған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобы туралы айтты. Оның басты бағыты болып, көгалдандыру мен қоқыстары бөліп жинау екендігін атап кетті.