«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Халықтың сандық сауаттылығы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Павлодар облысының әрбір ауданы мен қаласында IT-орталықтар ашылады

Павлодар облысында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында әрбір тұрғынды «цифрландырып», барлық мектеп асханаларын сенімгерлік басқаруға тапсыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Аймақ басшысы Болат Бақауов «Нұр Отан» партиясының жергілікті активімен бірге жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарларын талқылады.   Павлодарда «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен болғаннан кейін облыста стратегиялық жобаларды жүзеге асыру басталып кетті. Оның бірі – әрбір аудан  мен қалада IT-орталықтар ашу.   –    Бұл орталықтарда робот техникасы мен бағдарламалау бойынша тереңдетілген курстар ұйымдастырылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев. –  Жастар алгоритм құру дағдылары мен бағдарламалар, веб-сайттар, анимациялар мен компьютер ойындарын жасауды меңгереді.  Бұл жобаның тиімділігі –  оқушылардың ІТ  саласы бойынша базалық білім алуында.
IT-орталықтарды мамандармен қамтамасыз ету үшін  арнайы курстар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Болашақ жаттықтырушыларды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы оқыту көзделуде.    Тағы бір ауқымды жобы – Павлодар облысы тұрғындарының  электронды деректер базасы. Мұндай деректер базасына қол жеткізу үшін әрбір адам цифрландырудан өтеді. Пилоттық жоба Ленин кенті мен Май және Успен аудандарынан басталады.

–  Әрбір әкім өзінің  шалғайда орналасқан кішкентай ауылынан бастап, елді мекенін цифрландыруы қажет, – деді өңір басшысы Болат Бақауов. –  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аулаларды аралап, сауалнама жүргізгенімен нақты жағдайды  ешқашан көре алмаймыз. Себебі, «біреу үйден шығып кетеді», «біреу жұмыста кешігеді», «біреу үшін әпкесі қол қоя салады».  Ал, электронды мәліметтер базасы құрылған  жағдайда көздеген мақсатқа жетеміз. Әрбір тұрғынның мәртебесі анықталады. Болашақта мұндай база барлық жерде қажет болады. Бұдан басқа, Павлодар облысында мектепте тамақтану мәселесі біржола шешімін таппақ. Мектеп асханаларын мемлекеттік сатып алулар арқылы жалға берудің орнына мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында сенімгерлік басқаруға тапсыру ұсынылды. –  Павлодар облысында 364 мектеп жұмыс істейді, – дейді  кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Қанат Шәбенов. – Оның әрқайсысында асхана бар. Мемлекеттік-жеке меншік аясында тапсырудың нәтижесінде тамақтанудың сапасы артып, стандарттарға сәйкестендіріледі және асхана жиһаздары жаңартылады.    Павлодарлық оқушыларды тамақтандыруға тек қазақстандық  қана емес, ресейлік кәсіпкерлер де қызығушылық танытуда. Мәселен, ресейлік  үздік бестікке кіретін «Кейтеринбург» компаниясының жеке тамақтану комбинаты бар және күн сайын шамамен 100 мың адамға қызмет көрсетеді. – Мектепте тамақтану мәселесі ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде көтеріліп келеді, – деді Болат Бақауов. – Сондықтан бізге компаниямен жұмыс істеу қажет.  Бұл компания біздің облыста жұмыс істеуге және іс жүзінде дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыруды көрсетуге дайын. Жиынның соңында аймақ басшысы IТ-мамандарын дайындауға үміткерлерді таңдау бойынша  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және МЖС тарту арқылы мектеп асханаларында тамақтану стандарттарын әзірлеуді тапсырды.

Томирис Бекжан

Фото: Валерий Бугаев