«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Халықтың сандық сауаттылығы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Басшылық

Ернұр Нұрланұлы Дәуенов – ішкі саясат басқармасының басшысы

 

1988 жылы 11 шілдеде Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ ауылында туған.

2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Археология және этнология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2012 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономика университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

2015 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008 жылдан 2011 жылға дейін облыстық Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатында тарих мұғалімі болып жұмыс жасады.

2011 жылғы тамыз айынан Астана қаласы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы әлеуметтік-гуманитарлық білім зертханасының ғылыми қызметкері, Астана қаласы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылғы қыркүйек айынан Павлодар қаласы «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы зертханасының меңгерушісі болып жұмыс жасады.

2013 жылғы қыркүйек айынан «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

2014 жылғы қазан айынан Шарбақты ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015 жылғы ақпан айынан «Баянауыл ауданы білім беру бөлімі» ММ басшысы болып қызмет атқарды.

2016 жылғы тамыз айынан бастап «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы шілде айынан бастап Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы ММ басқарма басшысының міндетін атқарушы болып қызмет атқаруда.

2017 жылғы тамыз  айынан бастап Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы ММ басқарма басшысы болып қызмет атқаруда.

 

Әлімханов Олжас Сансызбайұлы – Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары

 

1988 жылы 11 желтоқсанда Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ауылында туған.  2010 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін  “металлургия” мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Инновациялық Еуразия Университетін «экономика және бизнес бакалавры”мамандығы бойынша  аяқтады. 2010 жылы С Торайғыров атындағы ПМУ “Өртең”шығармашылық жобалар орталығының жетекшісі.  2012 жылдан  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ММ  инспекторы, “Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері” басқармасының инспекторы.

2013 жылдан бастап ақпараттық-талдамалық қызмет, жастар бастамаларын үйлестіру мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы,2015 жылдан осы бөлімнің басшысы.

2016 жылдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегіАгенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы. 2017 жылғы қарашадан бастап  Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі жөніндегі орынбасары.