«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

«Қазақстан» РТРК Павлодар облыстық филиалы телеарнасының эфирінде жаңа маусымда ребрендинг жүріп, үлкен өзгерістер орын алды.

Биылғы жылы жаңа маусым аясында Павлодар облыстық филиалы телеарнасының эфирінде бірқатар өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістер, яғни – ребрендинг-ауқымды болды: ең бастысы- телеарнаның логотипі мен аты өзгерді. Екіншіден, толығымен студиялар жаңартылады. Үшіншіден, эфирге жаңа бағдарламалар енді. Төртіншіден, эфирдің графикалық безендірулері өзгертілді.

Ребрендинг барысында – «Қазақстан» корпорациясының медиа активтеріне ортақ, танымал логотип бекітілді. Жаңа логотип – корпорацияның құрамындағы арналар мен радиостанциялардың, оның ішінде Павлодар облыстық филиалының біртұтастығын білдіретін арнайы белгі ретінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы іспетті жасалды.     Жалпы ребрендингтің басты мақсаты –  корпорацияның барлық медиа активтеріне тән, ұлттық дәстүрді әйгілейтін, корпорацияның жаңа әлемдік стандарттарға талпынысын көрсететін – біртұтас танымал белгі құру.

Сонымен, біздің телеарна бұдан былай «ЕРТІС» телеарнасы деп аталатын болады.

Әрине, біз тек арнаның атауы мен логотипін ғана ауыстырып отырған жоқпыз. Сонымен қатар біз арнаның жаңа безендіруін белгіледік. Соңғы 4-5 жылда арнаның негізгі түсі ақ-қызыл болса, енді біз ақшыл-көк түстерге ауыстық. Осыған сәйкес, студияның безендірілуі-  хабарлардың заставкаларын, жүгіртпе жолдың, тағы да басқа жобаларды әзірлегенде осы түспен көркемдейтін боламыз.

Ал енді жана телевизиялық маусымның жобаларына келетін болсақ «ЕРТІС» телеарнасының ауқымды, тұрақты, аттары брендке айналған, рейтингілері жоғары хабарлары әрі қарай эфирге шыға береді.

Олар «ЕРТІС ТАҢЫ» ойын-сауық бағдарламасы,

 

«ЕРТІС INFORM» ақпаратты бағдарламасы,

«УАҚЫТ КЕРУЕН» ақпаратты- сараптама бағдарламасы

«БІЗДІҢ ҚАЛА- ГОРОД 718» интерактивтік жобасы сияқты жергілікті елге танымал тележобалар. Бұлардың бәріне жаңа компьютерлік графика жасалды, кейбір бағдарламаларда жаңа жүргізушілер болады.

Сонымен қатар, көрермендер аса қызығушылықпен қарайтын хабарымыз «ОДНАЖДЫ ВЕЧЕРОМ» эфирімізге қайта оралады. Бұл хабар тікелей эфирде өтеді және алғаш шыққанда хабарды екі қыз бала жүргізген болса, қазір кыз жігіт жүргізетін болады. Өйткені хабарда көтерілетін тақырыптарға ер адамдар мен әйел қауымында әртүрлі көзқарас қалыптасады, дискуссия орын алып жатады, сол жағдайда жүргізушілер өз ортасының сөзіне қолдау көрсетеді. Бұл хабар эфирге әр жұма күні сағат 22: 00- де шығатын болады.

Сондай-аққазақ аудиториясына арналған осындай тікелей эфирде өтетін «СЫҢАР СЕЗІМ» атты жаңа жобаны дайындап отырмыз.

Бұл хабардың басты мақсаты ер адам мен әйел арасындағы мәселелер. Алғашқы 4-5 шығарылымның тақырыптарының өзі біздің жастардың арасында қандай мәселелер, қандай проблемалар аса күрделі болып тұрғандығын көрсетеді. Мысалы, 30 ДАН АСЫП БАРАМЫН, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН, МЕН НЕГЕ БОЙДАҚПЫН, АЖЫРАСУ СЕБЕПТЕРІ сияқты тақырыптар көтерілетін болады. Хабарға арнайы сарапшылар, психологтар, сондай-ақ біздің өңірімізден әр тақырыпқы сай  кейіпкерлер қатысады. Бұл хабар эфирге әр бейсенбі сайын сағат 22-00- де шығатын болады.

«А знаете ли вы,что…» жаңа жобасындағы пайдалы кеңестер мен қызықты ақпараттардың көрермен үшін пайдасы зор.

 «ЕРТІС» телеарнасының жаңа жобаларының бәрін талдайтын болсақ. Көп уақыт керек. Сондықтан, бірқатар жаңа жобаларды тек атап қана өтейік. Олар «Ертіс өңірінің ерендері», «Умное будущее Прииртышья», «Көркейсе ауыл- Первый на селе», «Павлодарға саяхат- Туризм по-Павлодарский» т.б.

«Ертіс өңірінің ерендері», «Умное будущее Прииртышья», , «Көркейсе ауыл- Первый на селе», «Павлодарға саяхат- Туризм по-Павлодарский» и т.д

.

Жалпы, телеарна эфирінен 40-қа жуық хабар шығатын болады. Оның ішінде өзіміздің көрермен сұранысына сай жасалатын жаңа жобалармен қатар мемлекеттік тапсырыс бойынша әзірленетін хабарлар бар. Өйткені біз мемлекеттік арна болғандықтан, өзіміздің тілімізді, мәдениетіміз бен салт-дәстірлерімізді, ауыл тынысын көрсететін хабарларды ұмытпауымыз керек, ол біздің басты мақсаттарымыздың бірі.

 «ERTIS» телеарнасының ресми сайты:  http://ertis.kaztrk.kz/kzhttps://www.facebook.com/ertistv/?ref=bookmarkshttps://vk.com/ertistvhttps://twitter.com/kazpavlodarkzhttp://instagram.com/ertis_tv