«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Үкіметтік емес ұйымдар жұмысы

“Нұр Отан” партиясы Ақсу қалалық филиалының конференц-залында шаһар басшысы Николай Дычконың қатысуымен “Мемлекет және қоғам дамуы үшін ынтымақтастық” атты үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу өтті.

 

Кездесуге қала әкімінің орынбасары, үкіметтік емес ұйымдар мен консультативтік Кеңестің мүшелері, қоғамдық бірлестік өкілдері, мемлекеттік мекеме-ұйым басшылары қатысты. Аталған кездесудің мақсаты – мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар саласында кездесетін өзекті мәселелерді талқылай отырып шешу жолдарын қарастыру.

– Бүгінгі күні біз мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өзара әрекеттестігінің жаңа кезеңін бастағалы отырмыз. Елбасымыздың “100 нақты қадам” Ұлт Жоспарын іске асыру үшін біздің алдымызда үлкен міндеттер мен мақсаттар қойылған. Оларға қол жеткізуде Азаматтық қоғамның айтарлықтай рөлі зор, – деп Николай Васильевич жиынға келгендерге сәттілік тіледі.

Бірінші болып сөз алған “Ақсу мүгедектер қоғамы – Бірлік” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Олейник аталмыш ұйымды таныстырып, жеткен жетістіктерге тоқталды.

– Біздің жалпы еңбек өтіліміз 25 жылдан астам. Осы уақыт ішінде бірлестіктің бірнеше рет атауы өзгерді, бірақ жұмыстың мақсаты мен міндеттері топты әрқашан алға жетеледі. Арнайы әлеуметтік қызмет және жартылай стационар негізінде бес жыл қызмет етіп келеміз. Бұл уақыт аралығында орталығымыз белсенділік танытып, әртүрлі көркемөнерпаздар, спектакльдер мен спорттық шараларға қатысып, көптеген жетістіктерге жеттік. Сондай-ақ, біз мемлекеттік, діни және жергілікті мейрамдар кезінде іс-шаралар ұйымдастырамыз. Болашақта мамандықты дұрыс таңдау мақсатында кәсіби мерекелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізбекпіз. Бүгінде жартылай стационарда талантты жастарымыз көп. Қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда өз қырларын көрсетіп жүр. Айталық, Нұрлыбек Құрманғалиев қалалық “Әнші балапан” сайысында I орынды иеленді. Ал, облыстық тоғызқұмалақ жарысында Станислав Кириченко II орынды жеңіп алды. Біз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік және спорттық өмірге атсалысуға үнемі үйретеміз, – деді ол.

 

Бұдан өзге, жиын барысында “Ақсу қалалық дзюдо федерациясы”, “Арракаста” жастар қоғамдық бірлестігі және “Зори Иртыша” қоғамдық ұйымының басшылары өз ойларын ортаға салып, толғандырған сұрақтарға жауап алды. Айта кетейік, Ақсу қаласында  жуырда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен қала әкімі Николай Дычконың қолдауымен футбол ойыны қайта жаңғырды. Міне, “Ақсу” командасы 17 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Біріншілігінің 2-лигасында бақ сынайды. Кездесу соңында, Николай Васильевич аталмыш командаға жанкүйерлік танытуға және 2018 жылда тойланатын ірі мерекелерде барлық азаматтық ұйымның өкілдерін белсенді болуға шақырды.

 

Амангүл ТІЛЕЙ