«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Сенім телефоны:

+7 7182 322288

Электронндық адрес:

kense.uvp@pavlodar.gov.kz

Халықтың сандық сауаттылығы

Рухани Жаңғыру

Өнеркәсіптік революция 4.0

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Картинки по запросу акимат области павлодар

Астанаға – 20 жыл

Әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылардың алғашқы форумы Павлодарда өтеді

Павлодар облысында Instagram немесе Facebook белсенді пайдаланушыларынан өңірдегі әлеуметтік желілер әуесқойларының алғашқы форумына қатысуға өтінімдер қабылдау жарияланды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс ішкі саясат басқармасы форумды ұйымдастырушы рөлінде. Форумның мақсаты – танымал әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушыларының әлеуетін мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруға және алға бастыруға тарту және пайдалану-дейді облыс ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов. – Instagram-да немесе Facebook-та өз аккаунтын оқырмандарына арналған тартымды да мазмұнды материалдармен белсенді толтыратын пайдаланушылар біздің қызығушылығымызды тудырады.

Басқарма танымал блогерлердің және белсенді өмірлік тұғырнама ұстанып, интернет-кеңістікте өз көзқарасын білдіретін жастар өкілдерінің тізімін қалыптастыруда.

300 мыңнан астам жазылушысы бар Павлодардың жалғыз блогері @_kristina_russinovich жарқын мысал бола алады. Оның аккаунтының басты бағыты – #фудблогинг.

Ернұр Нұрланұлы Дәуеновтің айтуынша, форум блогерлердің қоғамдағы әлеуметтік-саяси үдерістерге көзқарастарын өзгертуге, бағдарламалық мақсаттар туралы түсініктерін кеңейтуге, интернет-кеңістікте жаңғырту үрдістерін неғұрлым белсенді түсіндіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың және бірлескен жұмыстың жаңа және қызықты әдістері ұсынылатын болады. Іс-шараға форумға қатысушылар тәжірибе алмасуға болатын белгілі қазақстандық блогерлер қатысады.

Ұйымдастырушылар Павлодар облысының барлық тұрғындары үшін әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық сананы жаңғыртудың идеяларын таратушылары болатын интернет кеңістіктің неғұрлым креативті, талантты өкілдерін анықтауды жоспарлап отыр.

Қатысу үшін 7 наурызға дейін Instagram-да @rukhanizhangyrupvl аккаунтына жазылып, дайректіде немесе мessenger арқылы «Рухани Жаңғыру Павлодар» профилінде Facebook –те аты-жөнін,телефонын көрсетіп, өтінім қалдыру қажет.

Рavlodarnews.kz