"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Версия для слабовидящих

Сенім телефоны:
+7 7182 322288

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

(1-50 тұрғындарға арналған,

51-63 жұмыс берушілерге,

64-100 медицина қызметкерлеріне)

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелеріне қатысты

100 СҰРАҚ-ЖАУАП

Сұрақтар

Жауаптар

Тұ рғындардың сауалдары

1.

Енгізіліп      жатқан    міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстан азаматы   ретінде   маған   не

береді?

Біріншіден,  сіз   Әлеуметтік   медициналық   сақтандыру   қорымен   келісімшарт

бекіткен ҚР аумағындағы кез-келген клиниканың көмегіне жүгіне аласыз. Мұндай жағдайда клиниканың сізді емдеуге кеткен шығындары Қор тарапынан өтеледі;

Екіншіден, сіз Кепілдендірілген тегін медициналық көмек ТМКК) пен Міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері шеңберінде қарастырылған қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз;

Үшіншіден, көрсетілген қызмет сапасы міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтың көңілінен шықпаса Қор оның құқығын қорғайды.

Төртіншіден,   міндетті   әлеуметтік   медициналық   сақтандыру  жүйесін                              енгізу медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2.

1996-1998 жылдары құрылған

Міндетті медициналық сақтандыру  қоры  сәтсіздікке

ұшырады. Мұндай жағдай қайталанбайтынына кім кепілдік береді?

Қоғамдағы кез-келген жаңалық пен реформаның жағымды жақтары да, жағымсыз

тұстары да болады.

Осы жағынан алып қарағанда 1996-1998 жылдары сақтандыру медицинасын енгізу бағытында жасалған бұл қадамды сәтсіз деу қате. Себебі, оның да жағымды тұстары болды.

Оның денсаулық сақтау нысандары желісін сақтап қалуға және экономиканың осы

секторына қосымша қаржы тарту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қосқан үлесі зор болды. Мұны осы реформаның ең басты нәтижесі деуге


болады.

Мысалы, білім беру саласында осындай мамандандырылған бағдарламаның жоқтығы мектепке дейінгі мекемелердің жеке меншікке берілуіне, мектепке дейінгі тәрбие берумен айналысатын мекемелердің қысқаруына әкеп соқтырды. Мұның

салдары әлі күнге дейін сезіліп отырғаны жасырын емес.

Сонымен қатар, 90-шы жылдардағы экономикалық ахуал  қазіргі жағдаймен салыстыруға келмейді. Осыдан 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар айтарлықтай

қаржылық қиындықтарға душар болғаны белгілі. Олардың көбінің жалақы төлеуге де мүмкіндігі болған жоқ. Алды банкротқа ұшырап та жатты. Экономикалық дағдарыс тұтас бір облыстарды, ірі кәсіпорындарды да жаппай төлем қабілетінен айырды.

Соның ішінде Медициналық сақтандыру қорына төленетін жарна аударылмады.

Қор төңірегіндегі жағдайдың қиындауына халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігі үшін жарна төлеуге міндеттелген жергілікті атқару органдарының да дағдарыс шырмауында қалуы түрткі болды.

Ал, қазір экономикалық жағдай едәуір жақсарды. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн астам адам жұмыс істейді. Жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын 53 млрд теңге төлеп отыр. Ал, Әлеуметтік медициналық сақтандыру

қорына өз қызметкерлері үшін 23 млрд теңге аударады. Оның үстіне, халықтың экономикалық белсенділігі төмен тобын сақтандыруды мемлекет өз мойнына алып отыр.

Әлбетте, қазіргі міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу барысында өткен қателіктер ескерілді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, біріншіден, экономикалық ахуал едәуір жақсарып,

жұмыссыздарға қарағанда жұмыс істейтін азаматтардың саны айтарлықтай артты. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, қазір жұмыс істемейтін тұрғындардың саны жалпы халықтың 2,5 пайызын құрайды.

Екіншіден, Қор қызметін бақылау тетіктері жасалды:

- Қордың жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып табылады;


- Корпоративтік басқару енгізіледі;

- Директорлар кеңесінің құрамына танымал саяси тұлғалар мен қоғам қайраткерлері енді;

- Қоғамдық кеңес құрылады және оған Парламент, түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мүше болмақ;

-    Қордың  қаржылық  есептері   оның   ресми   сайтында,  БАҚ  жарияланады және

Акционерге беріледі;

Үшіншіден, заңға сәйкес, күтілмеген шығындарға арналған резерв құрылады. Резервтегі қаржы көлемі Қор активтерінің 3 пайызы мөлшерінде болмақ;

Төртіншіден, Қор табысы мен шығындарының балансын қамтамасыз ету тетіктері

де қарастырылған. Яғни, медициналық қызмет көлемі жинақталған қаржы деңгейінде сатып алынады деген сөз.

Қор активтері төмендегі тетіктер арқылы сақталады:

1) Қордың қаржылық тұрақтылығын қаматамасыз ететін нормалар мен лимиттер белгіленеді;

2) инвестициялық қызмет ҚР Ұлттық банкі арқылы іске асырылады;

3)   Қор  активтерін  инвестициялық            басқару жұмыстарының            бәрі  ҚР               Ұлттық банкінде тіркеледі;

4)   Қордың   өз   қаржысы   мен             активтерді      бір-біріне   қоспай,    бөлек               ұстау қарастырылған;

5) Жыл сайын тәуелсіз аудит жүргізіледі;

6) Қор бехгалтерлік және қаржылық есеп жөніндегі заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тұрақты түрде есеп беріп отырады;

7)   Қор   активтерін   инвестициялауға            арналған               қаржы            құралдарының      тізімі нақтыланады.


3.

Міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін дәрігерлерге «рахмет айту»

(ақша беру) проблемасы жойылады делініп жүр. Бұл қалай жүзеге асырылмақ?

Азаматтар   жарна  аудару   арқылы   болашақта                    емханада            немесе     ауруханада

көрсетілетін қызмет түрлерінің ақысын төлейді. Оның үстіне, сіз үшін жұмыс беруші де жарна төлеп отырады. Ендеше, жүйеге қатысушылар әлеуметтік сақтандыру шеңберінде бекітілген жарнадан басқа ешқандай қосымша ақы төлеуге міндетті емес.

Осылайша, сақтандыру медицинасы енгізілгеннен кейін дәрігерлік көмек үшін берілетін биресми төлемдер немесе дәрігерге «рақмет айту» деген мәселе біртіндеп өзектілігін жоймақ.

Медицина қызметкерлерінің ар-ождан кодексінде медицина мамандары пациенттерден ақша алуға жол бермеуі тиіс делінген.  Сонымен қатар, медицина саласы қызметкері әріптестерін де осындай келеңсіздіктерден сақтандыруға міндетті.

Қор қызмет сатып алу туралы келісімшарт талаптарының орындалуын тексеріп отырады.  Мониторинг медициналық қызмет көрсететін  денсаулық сақтау субъектілерін аралау арқылы жүргізіледі.

Жалпы, бұл бір ұшы азаматтық позицияға, әркімнің жеке жауапкершілігіне

тірелетін мәселе. Яғни, кез-келген саладағы сияқты азаматтар дәрігерге «ақша беріп, заңсыз рақмет айтудан» бас тартқаны дұрыс.

4.

Жалғызілікті анамын. Үш

балам бар. Күйеуіммен ажырасып кеткенмін, ол алимент төлемейді. Ресми түрде жұмыс істемеймін. Ара- арасындағы кездейсоқ табыс

болмаса тұрақты табысым жоқ. Мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын қалай төлеймін?

Біріншіден, сіздің балаларыңыз үшін жарнаны 18 жасқа толғанға дейін мемлекет

төлеп отырады.

Екіншіден, егер жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі бала күтімімен айналысатын болсаңыз, Сіз үшін де жарнаны мемлекет төлейді.

Жалпы, Сіз медициналық көмек алу үшін мынадай мүмкіндіктерді пайдалансаңыз болады:

а) Тұрғылықты жеріңіз бойынша Еңбекпен қамту орталығына барасыз. Ол жердегілер сізге кәсіби біліктілігіңіз бен тәжірибеңізге қарай жұмыс ұсынады. Ал, егер жасалған ұсыныстар көңіліңізден шықпаса жұмыссыз мәртебесін аласыз. Ондай жағдайда жарнаны сіз үшін мемлекет төлейді.

б) Екінші жолы салық органдарына барып жеке кәсіпкер ретінде тіркелесіз. Онда ай сайын 2 төменгі жалақының 5 пайызы көлемінде жарна төлейсіз.


В) Егер бұл екеуі де көңіліңізден шықпаса, ай сайын екінші деңгейлі банк арқылы

1 төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде Қорға жарна төлеп отырасыз.

5.

Сақтандырылған азаматтар

медициналық қызметтерді ҚР барлық аумағында пайдалана ала ма? Мысалы, іс-сапарға жіберілгендер немесе еңбек демалысындағылар медқызметті барған жерінде пайдалануына бола ма? Әлде, көмек тек қана тіркелген жері бойынша ғана көрсетіле ма?

Сіз емханаға тіркелгеннен кейін Қазақстан республикасы аумағында міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін пайдалана аласыз.

Еңбек демалысына немесе ісапарға байланысты Қазақстан аумағында жүрген азамат кез-келген мемлекеттік емханадан немесе ауруханадан   тегін көрсетілетін шұғыл медициналық көмек ала алады. Ал, жоспарлы емді тіркелген жеріңіз бойынша

өз емханаңыздан ала аласыз. Немесе сол емхана арқылы Қормен келісімшарт бекіткен кез-келген медицина мекемесіне жолдама алуыңызға болады.

Егер сіз іс-сапармен немесе демалысқа байланысты шетелде жүрген болсаңыз, қазіргі сияқты сол мемлекетте қолданылатын ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып аласыз. Себебі, ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті өзге елдер аумағында пайдалануға жарамсыз.

6.

Азаматтар                        сақтандыру

жүйесіне    қосылу    үшін не істеуі керек?

Ең алдымен әр азамат тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелуі керек.

Содан кейін сол емханада тиісті медициналық көмек түрлерін ала алады. Бұл учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін де өте ыңғайлы. Емханаға тіркелу үшін жеке куәлігіңізді көрсетесіз және еркін формада өтініш жазасыз.

Сонымен қатар, емханаға электронды үкімет порталы egov.kz. арқылы да онлайн режимінде тіркелуге болады. Порталдағы Жеке кабинетке кіріп, өзіңіздің емхана тіркеуінде бар-жоғыңызды тексере аласыз. Басқа емханаға тіркелу үшін де осы портал қызметін пайдалануға болады. Порталға тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба

қажет. ЭЦҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады (тегін). Порталға тіркелгеннен кейін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізіп, жүйеге кіре аласыз.

Оған қоса, емхана немесе egov.kz порталы арқылы өзіңіздің қай санатқа жататыныңызды анықтап алғаныңыз  жөн. Себебі, сіз  үшін төленетін сақтандыру көлемі осыған байланысты болмақ. Сақтандыру жүйесінде: жеңілдігі бар санаттағы азаматтар, жұмыскер, жұмыс беруші, жеке кәсіпкер немесе халықтың экономикалық

белсенділігі төмен бөлігі сынды категориялар бар. Алдымен сіз үшін жарнаны кім


төлейтінін анықтаңыз: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе?

7.

Маусымдық жұмыстармен

айналысатын немесе тұрақты жұмысы жоқ, кездейсоқ

табыспен күнелтіп жүрген

азаматтардың табысы қалай есептеледі?

Жұмыс істейтін азаматтар жарнаны тапқан табысынан төлейді. Ал, жұмысы

жоқтар:

- 1 төменгі жалақының 5 пайызы көлемінде жарна төлейді;

- немесе тұрғылықты жері бойынша Еңбекпен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркеледі. Ондай жағдайда жарнаны мемлекет төлейді.

8.

Қазақстан республикасында

жұмыс істейтін шетелдіктер, еңбек мигранттары медициналық көмекпен қалай қамтылмақ?

«Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 2-бабы 2армағына сәйкес,

міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ, оралмандарға да ел азаматтарымен бірдей құқықтар беріліп, міндеттер жүктеледі. Қарапайым тілмен айтсақ, олар да қазақстандықтар сияқты салық, соның ішінде, міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті. Еңбек мигранттарына медициналық көмек мемлекет аралық келісімдер негізінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразия кеңістігіндегі (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь) бес мемлекет аумағында жедел медициналық көмек қайтарымсыз негізде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер бекітілмеген болса еңбек мигранттары ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) жүйесінің қызметін пайдалана алады. Ал, қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан мигранттарға көмек тегін көрсетіледі.


9.

Жұмыссыздар мен халықтың

экономикалық белсенділігі төмен бөлігіне жататын өзге де азаматтарды медициналық

көмекпен қамту жағы қалай шешіледі? Бүгінде олардың саны қанша?

Статистикаға  сүйенсек,   қазір  Қазақстанда  өзін-өзі                   жұмыспен қамтып                        жүрген

экономикалық белсенділігі төмен тұрғындардың саны шамамен 1,5 млн құрайды . Бұл санаттағы  азаматтар  2020 жылға  дейін медициналық көмектің жоспарлы стационарлық емнен басқа түрлерінің бәрін ала алады.

Сонымен қатар, бұл санаттағыларға мынадай мүмкіндіктер берілмек:

а) олар тұрғылықты жері бойынша Еңбекпен қамту орталығына хабарласып, өз біліктілігіне қарай жұмысқа орналаса алады. Егер оның реті келмесе жұмыссыз мәртебесін алады. Содан кейін жарнаны мемлекет төлейді.

б) Салық органдарына барып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі және жарнаны өзі төлейді. Жарна 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап төленеді. Жарна көлемі: 2 төменгі айлықтың 5 пайызы мөлшерінде.

в) Болмаса олар жарнаны халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігінің өкілі ретінде төлейді. Бұл топтағы азаматтар жарнаны екінші деңгейлі банктер немесе Қазпошта арқылы төлейді алады. Ай сайынғы жарна көлемі төменгі айлық жалақының 5 пайызын құрайды.

10.

Сақтандырылған азамат

қайтыс болған жағдайда міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру жүйесінде жинақталған қаржысы қайтарыла ма?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтау жүйесі емес. Сондықтан төленген

жарна қайтарылмайды. Төленген жарнасының көлеміне қарамастан азаматтардың бәріне бірдей медициналық қызмет көрсетіледі.

11.

ВИЧ-індетіне қатысты сұрақ:

міндетті әлеуметтік

Медициналық қызметтер ВИЧ-індетіне шалдыққандарға кепілдендірілген тегін

медициналық көмек көлемі шеңберінде көрсетіледі. Алдағы уақытта сақтандыру


медициналық сақтандыруда

осы дертке шалдыққандар қамтылған ба? ВИЧ-ті емдеу тетіктері қандай? Ол

сақтандыру тізіміне кіре ма?

пакеті кеңейтіліп жатса ВИЧ-ке байланысты қосымша медициналық қызмет түрлері де

әлеуметтік сақтандыру пакетіне енгізілуі мүмкін.

12.

Балалар неше жасқа дейін

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

жарнасын төлеуден

босатылады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден балалар (18 жасқа

дейін), орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, жоғарғы білім, сондай-ақ, ЖОО кейінгі білім беру мекемелерінде оқып жатқан студенттер, және орта, кәсіптік

және техникалық, ортадан кейінгі, жоғарғы білім беру, сондай-ақ, ЖОО кейінгі білім

беру мекемелерін бітіргендер күнтізбе бойынша үш айға дейін босатылады.

13.

Міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру шеңберінде санаторлық- курорттық ем алуға бола ма?

Міндетті   әлеуметтік   сақтандыру  пакетіне                 шипажай     немесе           курортта                 емделу

мүмкіндігі қарастырылмаған. Бірақ әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сақтандыру қаржысы есебінен бірқатар сырқаттарға шалдыққандарды (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) оңалту көмегі қарастырылған.

14.

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен медицина мекемелерінің тізімін қай жерден алуға болады?

Әлеуметтік    медициналық    сақтандыру                      қорының           ресми                      сайтында          Қормен

келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарының тізілімі жарияланады. Сонымен қатар, бұған қатысты мәліметті Қордың ақпараттық қызметтері арқылы алуға болады.

Жалпы, белгілі бір аймақтағы медицина ұйымдарының тізімін облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларының сайтынан да таба аласыздар.

15.

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры Қормен келісімшарт бекітпеген

коммерциялық клиника дәрігері жазып берген дәрі-

дәрмекке кеткен шығынды өтей ме?

Сіздің дәрі-дәрмекке кеткен шығыныңыз рецепт жазып берген коммерциялық

клиника мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арасында тиісті келісімшарт болса ғана өтеледі.

Міндетті сақтандыру жүйесінде емханалықмбулаторлық көмек көрсеткен кезде уәкілетті орган бекіткен, белгілі бір ауруларға шалдыққан азаматтарға тегін немесе

жеңілдікпен   берілетін   дәрілер   тізімі   бойынша                       дәрі-дәрмекпен        қамтамасыз                       ету көзделген.


16.     Емханаларда кеңсе техникасы

жетіспейді. Ал, барының әбден тозығы жеткен. Сол себепті рецепт пен анализ тапсыруға

жолдаманы 40 минутқа дейін күтуге тура келеді (6-шы емханада осындай жағдай

болады). Оған қоса, пациенттерді қабылдау кестесі де сақталмайды. Ол аздай,

емхана персоналы қағаз жүзінде және электронды түрде қосарлы есеп тапсыруға мәжбүр. Салдарынан бір

салаға маманданған дәрігерге кіру үшін алдымен терапевтің кабинеті қасында жарты

күніңді өткізесің. Содан кейін ультрадыбыстық немесе басқа зерттеу түрлерінен өту үшін тағы 2-3 апта күтесің. Мұндайда дәрігерге ақылы

қаралуға мүмкіндігі жоқ

пациенттер уақытын жоғалтып қана қоймай, ауруын асқындырып алады. Медициналық сақтандыруға өткенге дейін бұл мәселе


Біріншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет көрсету жөніндегі конкурсқа қызметкерлерінің саны, техникалық жабдықталу деңгейі мен құрылымы тиісті талаптарға жауап беретін ұйымдар ғана қатыса алады.

Екіншіденконкурсқа сапалы медициналық көмек көрсете алатын медұйымдар

ғана қатысады.

Ал, ауылдарда таңдау еркіндігі шектеулі. Көбіне ауылдық жерлерде медициналық қызмет  көрсететін  бір  ғана  мекеме  болатыны  расӘлеуметтік  медициналық

сақтандыру қоры осыны ескеріп, оларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын жыл сайын арттыру жөнінде талап қояды.

Үшіншіден, 2018 жылдан бастап ауруханалар мен емханаларды техникалық

жағынан қайта жарақтандыруға мүмкіндік тумақ. Өйткені, сол жылдан бастап Қор амортизациялық шығындарға қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

Төртіншіден, қазіргі қолданыстағы жүйенің өзі E-GOV, медициналық ұйымдардың жеке порталдары арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға мүмкіндік береді.


шешіле ме? Оны қалай шешуге

болады?

17.

Медициналық сақтандыру

дәрігер жазып берген дәрі құнын өтей ме және қандай ауруларды емдеуге кеткен дәрі құны толық өтеледі?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде емханалықмбулаторлық

көмек шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамту көзделген. Қызмет өкілетті орган тарапынан бекітілген, белгілі бір ауруларға шалдыққан жекелеген санаттағы азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілер тізімі бойынша көрсетіледі.

18.

Міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азамат республика аумағынан тыс жерлерде тегін емделе ала ма?

Міндетті   сақтандыру  Қазақстанның  ішінде                 ғана              қолданылады.                 Медициналық

сақтандыру қоры тек қана  Қазақстан республикасы  аумағында көрсетілген қызмет түрлерінің ақысын төлейді.

19.

Жұмыс берушінің мен үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлегенөлемегенін қалай білуге болады?

Сіз өз жарнаңыз туралы мәліметті онлайн сервистер арқылы немесе тіркелген

емханаңыз арқылы біле аласыз.

Сонымен қатар, міндетті медициналық сақтандыру заңына сәйкес, жұмыс беруші сіздің атыңызға аударылған медициналық сақтандыру жарнасы туралы мәліметті әр айдың 15-сінен кешіктірмей беріп отыруға міндетті.

20.

Мен өзін-өзі жұмыспен

қамтып жүрген, тұрақты табысы жоқ халықтың қатарындамын делік. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуім керек пе? Бұл топтағылардың төлейтін жарнасы қанша?

Егер сіз халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігіне жататын болсаңыз

2020 жылға дейін медициналық көмектің жоспарлы стационарлық емнен басқа түрлерінің бәрін ала аласыз.

Сонымен қатар, сізге:

- жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті мөлшерде жарна төлеуге;

- жұмыссыз мәртебесін алу үшін Еңбекпен қамту орталығына хабарласуға;

- халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігінің өкілі ретінде, екінші деңгейлі банктер арқылы төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде жарна төлеуге кеңес

береміз.


21.

Жұмыс орнын ауыстырған

кезде жаңа қызметке шыққанша 1-2 ай үзіліс болып қалды делік. Сондайда мен

міндетті сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер

пакетін пайдалана аламын ба?

Ұсынылып   отырған   нормаларға   сәйкес,                     міндетті    әлеуметтік     медициналық

сақтандыру жүйесінде   медициналық көмек алу құқығы соңғы жарна төленген уақыттан бастап 3 айға дейін сақталады. Ал, үш ай өтіп кеткеннен кейін міндетті сақтандыру жүйесіне қайтып оралу үшін төленбей қалған жарнаның орнын толтыру

қажет болмақ (бірақ төлем сомасы 12 айдан аспайды).

22.

Жеке меншік зертханаға

анализ тапсырған жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры менің шығындарымды өтей ме?

Қор зертхананың қызмет ақысын тікелей төлемейді. Бірақ, Сіз зертханаға Қормен

келісімшарт бекіткен емхананың жолдамасы бойынша барсаңыз анализ үшін ақша төлемейсіз.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесінде емханалық- амбулаторлық көмек көрсетіледі. Оған емхана маманы мен салалық дәрігерлердің жолдамасы бойынша көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек кіреді.

23.

Азамат өзінің

сақтандырылғанын қалай біледі?

Заңға сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге әр айдың 15-іне дейін жалақыдан ұстап

аударылған және жұмыскер  атынан  аударылған  жарналар мен  аударымдар  туралы хабарлап отыруға міндетті.

Басқа жағдайларда бұл мәліметті порталдан немесе тіркелген емханаңыздан білуге болады.

24.

Азамат қай кезден бастап

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі?

Қордың Ұлттық банктегі есеп-шотына Сіз үшін жарна аударылған сәттен бастап

сақтандырылғандар тізіміне енесіз.

Міндетті сақтандыру пакеті шеңберіндегі медициналық көмек Қорға жарна төлеген

ударылған) азаматтар мен жарна төлеуден босатылған жеңілдігі бар тұрғындарға көрсетіледі.

25.

Ерікті медициналық

сақтандыру сақтала ма? Міндетті медициналық

Ерікті  медициналық  сақтандыру  жойылмайды.  Міндетті   сақтандыру пакетіне

кірмейтін қызметтердің кейбір түрлерін Ерікті медициналық сақтандыру арқылы алуға боладыМысалы,  ересектерге   арналған                стоматология                 қызметі,    зиянды өндіріс


сақтандыру мен Ерікті

медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің қайталануы

мүмкін бе?

орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын міндетті тексеруден

өткізу, санаторлық-курорттық ем т.б. Бұл жерде мәселе жеке тұлғаның немесе жекелеген кәсіпорынның қалауына және қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты.

26.

Емдеуші дәрігер тағайындаған

ем-дом шараларын жасайтын процедуралық кабинетке өз

шприцімен баруға міндетті ме?

Жоқ.  Егер сіз  медициналық көмекті  Кепілдендірілген тегін медициналық көмек

көлемі   мен   Міндетті   әлеуметтік   медициналық              сақтандыру       шеңберінде алатын болсаңыз шприцті емдеу мекемесінің өзі беруі тиіс.

27.

Айталық, белгілі бір азамат

үшін жарнаны мемлекет төлейді. Біраз уақыттан кейін ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына кірді

делік. Осындай жағдайда жарна төлеу үзіліп қалмай ма немесе керісінше, жарна екі жақтан төленіп, қосарланып кетпей ме?

Жоқ, қосарлы сақтандыру болмайды. Себебі, сіз мәртебеңізді ауыстырған кезде бұл

мәлімет     мемлекеттік     органдардың    мәліметтер    базасына    және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі.

28.

Азаматтығы жоқ тұлғаларға

медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан аумағында

тұрақты   тұратын   шетелдіктер   мен   азаматтығы                жоқ          тұлғалар        да      республика азаматтарымен бірдей құқықтар мен жауапкершіліктерге ие.

29.

Сақтандыру шеңберінде

көрсетілетін көмекке екпелер кіре ма?

Барлық азаматтарға профилактикалық мақсатта жасалатын екпелер егу мемлекет

тарапынан кепілдік берілген тегін медициналық қызметтер пакетіне кіреді.

30.

Медициналық сақтандыру

пакетін пайдалану үшін

Сіз медициналық көмектен қағылмайсыз. Өйткені, азаматтардың бәріне арналған

кепілдендірілген  тегін   медициналық   көмек   бар.                              Оған   –                       жедел                              жәрдем                       және


жұмысы жоқ азаматтар

алдымен ресми түрде жұмыссыз мәртебесін алуы тиіс дегенді естідік. Бірақ

лайықты жұмыс жоқ, ал тапқан тыбысы жеке кәсіпкер ретінде бизнес ашуға

жетпейтін ауыл тұрғындары не істемек? Сонда ертең біз медициналық көмектен

қағыламыз ба?

санитарлық авиация; әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан сырқаттарға және

шұғыл көмек қажет болғанда көрсетілетін медициналық жәрдем; профилактикалық екпе, дәрінің кейбір түрлерімен қамтамасыз ететін емханалықмбулаторлық көмек (2020 жылға дейін) кіреді.

Оған қоса, сіз тағы мынадай мүмкіндіктерді пайдалана аласыз:

1.                                                             Еңбекпен қамту органдарына барып ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелесіз. Содан  кейін  жарнаны сіз үшін мемлекет

төлейді.

2.                                                             Сонымен   қатар,   сіз өзін-өзі                                                      жұмыспен қамтыған азамат ретінде «Қазпоштаның» кез-келген бөлімшесі немесе екінші

деңгейлі банктер арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлей аласыз. Жарна көлемі ең төменгі айлық жалақының 5 пайызын құрамақ.

31.

Ауруханаға жатқанда емдеуге

кеткен ақы қалай төленеді?

Сақтандырылған   азамат  стационарда   жатып   емделген   жағдайда клиниканың

шығыны Қор тара пынан өтеледі. Көрсетілген қызмет ақысы көрсетілген қызмет актілері негізінде Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша төленеді. Ақы төлеу барысында азаматтарға көрсетілген қызмет сапасы, олардың денсаулық

сақтау субъектілерін таңдау құқығының сакқталу деңгейі, келісімшартта көрсетілген міндеттемелердің орындалу сапасы есепке алынады.

32.

Жұмыс беруші аударатын

төлемдер жұмыскердің айлық жалақысына тәуелді бола ма?

Иә, жұмыс беруші жарнаны жұмыскердің табысына қарай төлейді.

Атап айтар болсақ, жұмыс беруші:

2017 жылдың 1ілдесінен бастап әр жұмыскердің табысының 1%,

2018 жылдың 1аңтарынан бастап 1,5%,

2020 жылдың 1аңтарынан бастап 2%,

2022 жылдың 1аңтарынан бастап 3% көлемінде ақша аударып отыруы тиіс.

Жұмыс беруші 2018 жылы қарамағындағы әр жұмыскер үшін айына орта есеппен 2281 теңге көлемінде жарна төлейді.

33.

Міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру

Жарна жұмыс беруші тарапынан есептелген таза айлық жалақыдан (зейнетақы,

табыс салығы ұсталмаған бөлігінен) алынады.


жарнасы есептелген

жалақыдан алына ма, әлде, салық ұсталған (зейнетақы, табыс салығы) бөлігінен алына

ма?

34.

Тіркелместен және жолдама

алмай-ақ кез-келген стационарға немесе емханаға

оның ішінде жеке меншіке

клиникаға) барып емделуге бола ма?

Шұғыл жағдайларда медициналық көмек азаматтың тіркеуіне немесе жолдамасына

қарамастан көрсетіледі.

Ал, жоспарлы медициналық көмек алу үшін азаматтар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қызмет көрсететін медицина ұйымын таңдауға құқылы.

35.

Қолданыстағы жүйе қалыпты

жұмыс істеп тұрған болса бізге міндетті медициналық

сақтандырудың не қажеті бар?

Тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға деген қажеттілік әлдеқашан

туындаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге түрткі болған   негізгі    проблемалардың   бірі    –    денсаулық   сақтау               саласында                            ортақ

жауапкершіліктің  жоқтығыжүйенің   қаржылық   тұрақсыздығы  мен                               көрсетілетін медициналық көмектің тиімсіздігі болатын.

Азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігі болмағандықтан денсаулық сақтау міндеті тек қана мемлекеттің мойнына түсті. Ал, азаматтар аурудың алдын алу немесе өз денсаулығын күту мәселесіне тиісінше көңіл бөлмейді.

Қазіргі қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесі саладағы негізгі деген бірқатар мәселелерді шешіп беруге қауқарсыз:

1)  Мед иц ин алық                        ұ йы мд ар ды ң                 ар асы нд а                                 п аци ен ттерд і                 ө зіне               тар ту                                 жағы н ан

 б әсекелесті кті ң тө мен ді гі .

Қолданыстағы жүйеде қызметтерді негізінен мемлекет жеткізеді. Ол медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржыны барлық медицина мекемелеріне теңдей бөліп береді.

Қаржыны теңдей бөлу салдарынан профилі де, қабылдау мүмкіндігі де бірдей

медицина ұйымдары көрсететін қызмет сапасына қарамастан ақшаны бірдей алады.


Ал, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медицина ұйымдары

қабылдаған пациенттерінің санына, көрсетілген қызметтің сапасы мен көлеміне қарай қаржыландырылады.

2) Тө лемд ер ді ң  тең есті рі луі жән е б ир есми  тө лемд ер кө лемін ің артуы

Өкінішке орай, бір профиль дәрігерлері еңбек өтілі бірдей болған жағдайда тәжірибесі, білімі мен біліктілік деңгейін қарамастан бірдей жалақы алады.

Салдарынан пациенттер таңдаған білікті дәрігерлердің басым бөлігі жеке меншік клиникаларға ауысып кетеді немесе өзінің жеке кабинетін ашып алады.

3) Әлеуметтік  п атерн ализмн ің сақталуы

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көпшіліктің бойында олардың денсаулығы үшін мемлекет жауап береді деген түсінік қалыптастырады. Ал, шын мәнінде, адамның денсаулығы тек медицинаға ғана емес, оның өмір сүру салтына, генетикасына, қоршаған ортасы мен жұмыс істейтін жеріне байланысты.

Қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесінің негізіне айналған бұл проблемалар бүгінде күрмеуі қиын мәселеге айналды.

Қалыптасқан жағдай медицинаны қаржыландыру мен медициналық көмекті ұйымдастыру жолдарын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Егер жарна дер кезінде төленіп, дұрыс жұмыс істейтін болса міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі осындай мәселелерді шешіп беруі тиіс.

36.

Медициналық сақтандыруды

енгізгенде қандай елдердің моделіне сүйендік? Біз медицинамызды Германияның немесе Кореяның деңгейіне жеткізе аламыз ба?

Міндетті сақтандыруды енгізу барысында бұл елдердің сақтандырудағы тәжірибесі

мен үрдістері ғана емес, олардың қателіктері де ескерілді.

Мысалы, бастапқы жылдары Францияда жарна төлеу ауыртпалығы жұмыс беруші мен жұмыскерлерге түсті. Шығындардың  50 пайыздан астамы халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігінің үлесіне тиетіні анықталғаннан кейін мемлекет бюджеттен аударылатын аударымдар көлемін арттырған.


Германияда медицина ұйымдарын қаржыландырумен айналысатын мыңнан астам аурухана кассасы жұмыс істеді. Кассалардың көптігі қаржыны жүйеге қатысушылар арасында бөліске салуда қиындықтар тудырды.

Осыған  байланысты  Германия  аурухана  кассаларын  ірілендіріп, нәтижесінде

олардың саны 100-ге дейін жеткізілді. Кейін бірыңғай қор құрылды.

Бүгінгі таңда әлемде медициналық сақтандырудың: мемлекеттік, жеке меншік және қоғамдық деп аталатын үш түрі бар.

Сақтандырудың мемлекеттік моделінде медициналық қызметтер салық пен мемлекеттік бюджет есебінен көрсетіледі. Денсаулық сақтау министрлігі ресурстарды бөліске салатын агенттіктен бөлек жұмыс істейді.

Бұл модельдің артықшылығы неде? Оның әлеуметтік жағы басым, елдің бәріне қолжетімді, бағаны бақылау мүмкіндігі жоғары. Ал, осал тұстары: жүйе толығымен бюджетке тәуелді, халықтың сұранысынан туындайтын өзгерістерге бірден бейімделе алмайды және таңдау еркіндігі шектеулі.

Сақтандырудың жеке меншік үлгісінде қаржы мәжбүри түрде жиналмайды. Бұл жүйе барша халықтың денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктерін өтеуге негізделмеген. Мұнда жекелеген жеке-меншік жүйелер жұмыс істейді.

Оның басты артықшылығы азаматтың қалауы мен мүмкіндігіне қарай сараланған пакет.

Кемшіліктері: бағаны бақылау мүмкіндігі жоқ, медициналық ұйымдар медициналық емес факторлар бойынша бәсекеге түседі, экономиканың денсаулық сақтау саласына жұмсайтын шығындары көп, төлеу қабілеті төмен азаматтардың

медициналық қызметті пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

Үшіншісі сақтандырудың қоғамдық үлгісі: Қордың қаражаты Денсаулық сақтау министрлігінен бөлек ұсталады, медициналық қызмет ақысы Қорға жинақталған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары есебінен қамтылады.

Артықшылықтары: әлеуметтік жағының басымдығы, жалпыға ортақ жауапкершілік, бәсекелестік пен сапаны бақылау мүмкінідгінің артуы, биресми


төлемдердің азаюы.

Кемшіліктері: жарна төлеуден бас тарту салдарынан қаржы тапшылығы қаупі туындайды, тиісті ІТ инфрақұрылымдар қажет.

Қазақстан осының ішінде қоғамдық сақтандыру  жүйесін таңдап алды. Жүйе

мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі принципі бойынша жұмыс істейді.

37.

Зиянды өндіріс орындарында

жұмыс істейтіндер үшін жарна төлеуде қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған

ба?

Зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтар үшін мұндай жеңілдік

қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  туралы заң бойынша, жұмыс істейтін тұрғындардың бәрі бірдей көлемде жарна төлейді. Атап айтар болсақ, жұмыс істейтін азаматтар жарнаны 2019 жылдан бастап төлейді. Жарна мөлшері мынадай: 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап тапқан табысының 1 пайызы,

2020 жылдан бастап 2 пайызы.

38.

Экономикалық жағдай

нашарлаған жағдайда Қор қандай шараларды қолға

алады? Қордың резерв

қалыптастыруға арналған дағдарысқа қарсы сценариі бар ма?

Елдегі экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда Қор мынадай шараларды қолға

алады:

- Контрциклдік шаралар. Былайша айтқанда, мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар үшін жарнаны ағымдағы жылға есептелген орташа айлық жалақы бойынша емес, екі жыл бұрынғы орташа жалақы көрсеткіші негізінде төлейді. Дағдарыс болып, экономикалық ахуал күрт нашарлаған жағдайда бұл шара бюджеттен түсетін жарна деңгейін жоғары қалпында сақтап қалуға, сол арқылы тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі;

- Күтілмеген шығындарға арналған резерв Қор активінің 3 пайызы көлемінде

жасақталады.

39.

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорының қаржысын әртүрлі қауіп- қатерлерден, бірінші кезекте

инфляциядан қорғау жағы қарастырылған ба?

БіріншіденӘлеуметтік   медициналық  сақтандыру  қоры                     ақшаны        сақтамайды.

Қаражат медициналық ұйымдар тарапынан күн сайын көрсетіліп жатқан қызмет ақысын төлеуге тұрақты түрде жұмсалып отырады.

Екіншіден, медициналық қызмет құны өскен жағдайда шығын жұмыскерлердің

жарнасы есебінен өтеледі (онда инфляциялық тәуекелдер қарастырылған).


40.

Азаматтар міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілген қызметтерді бақылай ала ма?

Электронды денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азаматтың

жеке кабинеті болады. Өзіңізге берілген логин мен парольдің көмегімен сол жеке кабинетіңізге  кіріпкөрсетілген  медициналық   қызметтер  туралы  мәліметтермен таныса  аласыз.  Емдеу  барысыдиагностика,  дәрігерлердің  қабылдауыанализ

нәтижелері сынды мәліметтердің бәрі де сол жерге орналастырылады.

41.

Қордың шығындарына

қатысты мәліметтер қаншалықты ашық

жарияланады?

Мұнда қаржыны жинау мен таратудың ашық жүйесі қарастырылған. Әлеуметтік

медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығы төмендегі тетіктер негізінде қамтамасыз етілмек:

-Түсетін жарна мен қаржыны тұрақты мониторингтен өткізу;

өрсетілген медициналық қызмет түрлерін тұрақты мониторингтен өткізу;

-Уәкілетті органдарға қаржының жұмсалуына қатысты есеп беру (Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігі, Үкімет, Есеп комитеті);

-Жұртшылыққа арналған жыл сайынғы есеп (қысқа                                                                                   нұсқасы газеттерде, толық нұсқасы вебсайт пен БАҚ жарияланады);

ордың вебсайтын жүргізу және оның қызметіне қатысты стратегиялық құжаттарды жариялау (5 жылға арналған даму стратегиясы, қысқа мерзімдік даму жоспары,

жылдық жоспар) және қаржылық есеп.

42.

Сақтандыруды (карточканы)

дәрігерге барған сайын алып бару керек пе, әлде, жеке куәлік жеткілікті ме?

Мұнда ерікті медициналық сақтандырудағы сияқты полистер мен келісімшарттар

болмайды. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін азаматтың мәртебесін анықтау үшін және дәрігерлік көмек алу үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірі болса жеткілікті.


43.

Міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандырудың енгізілуі азаматтардан төлем талап ету арқылы сыбайлас

жемқорлықтың артуына әсер етпей ме?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудегі мақсаттың бірі

халықтың медициналық көмекке жұмсайтын жеке шығындарын қысқарту болып табылады. Сақтандырылған азамат міндетті сақтандыру шеңберінде ұсынылған пакет үшін қосымша ақы төлемейді. Жұмыскерлердің, жұмыс берушінің немесе мемлекеттің

азаматтар үшін төлеген жарналары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі есеп-шотына аударылады. Қор нақты клиниканың белгілі бір азаматқа көрсеткен қызметінің ақысын көмек көлемі мен сапасы құжат арқылы

расталғаннан кейін барып аударады. Естеріңізге сала кетейік, Қор міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлемді 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап аударады. Сақтандырылған азаматтар жүйе шеңберінде

қарастырылған медициналық көмектің барлық түрлерін сол кезден бастап ала бастайды.

44.

Жақында әкеме есту

аппаратын сатып алдық. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

шеңберінде азаматтардың өздері сатып алған техникалық құралдардың ақысы қалай өтелмек?

Азаматтардың өз бетінше сатып алған техникалық құралдарына кеткен шығындар Қор

тарапынан өтелмейді.

45.

Міндетті медициналық

сақтандыру пакетіне стоматологиялық қызмет түрлері кіре ма?

Қазіргі   таңда    міндетті    әлеуметтік               медициналық        сақтандыру               шеңберінде

көрсетілетін қызметтер тізіміне стоматология кірмейді.

Болашақта көрсетілетін қызметтер тізімін кеңейтілген жағдайда міндетті сақтандыру пакетіне стоматологиялық процедураларды енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

46.

Егер дәрігер белгілі бір

дәрілерді стационарда болмауына байланысты басқа

Талап бойынша, Қормен келісімшарт бекітетін медицина ұйымының материалдық

(дәрі-дәрмек, тамақ т.б.) және еңбек ресурстары жеткілікті деңгейде болуы тиіс.

Сақтандырылған азамат стационарда жатып ем қабылдаған жағдайда ем-дом ақысы


жерден сатып алуды ұсынса

Қор дәріге кеткен ақшаны қайтара ма? Дәрігерлер бұл туралы пациентке мәлімет

беруге міндетті ма?

Қор тарапынан толық өтеледі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетілген кезде дәрі-дәрмекпен қамту  көзделген. Бұл денсаулық  сақтау  ұйымы  жетекшісі  бекіткен  дәрілік  формулярға  сай  жүзеге

асырылады.

47.

Бізде зейнетке шықса да

жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер де бар. Олар

медициналық сақтандыру

қорына жарна төлей ма?

Жоқ, зейнеткерлер үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Жұмыс беруші қарамағындағы зейнет жасындағы жұмыскер үшін жарна төлеуден босатылады.

48.

Соңғы 3 жылда бірде-бір рет

медициналық көмекке жүгінбеген адамның төлеген жарналары жинақтала ма?

Және оны басқа мақсаттарға жұмсау үшін алуға бола ма?

Жоқ,   медициналық   сақтандыру  жүйесі   жалпыға  ортақ  болғандықтан   ақша

жинақталмайды. Ол барлық қатысушылардың қажетіне қарай жұмсалады. Біреу дәрігерге жылдап қаралмағанымен, енді біреуге бағасы қымбат операция жасау қажет болуы мүмкін. Ортақ жауапкершілікке негізделген міндетті әлеуметтік сақтандыру

шеңберінде жинақталған қаржы елдің ортақ игілігіне жаратылады.

49.

Бала сүйе алмай жүрген

азаматтар сақтандырылған жағдайда міндетті сақтандыру пакеті шеңберінде жасанды

ұрықтандыру (ЭКО)

процедурасын жасай ала ма?

Бұл процедура Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде

көрсетілетін қызметтер тізіміне кіреді. Сондықтан оны белгіленген тәртіп бойынша,

дәрігерлердің көрсетіліміне қарай жасатуға болады.

50.

Жол апатына түскен адамға

шұғ