"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Версия для слабовидящих

Сенім телефоны:
+7 7182 322288

Басшылық

     

Dauenov

 

Ернұр Нұрланұлы Дәуенов – ішкі саясат басқарма басшысы

1988 жылы 11 шілдеде Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлак ауылында туған. 

2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Археология және этнология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2011 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2012 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономика университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

2015 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008 жылдан 2011 жылға дейін облыстық Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатында тарих мұғалімі болып жұмыс жасады.

2011 жылғы тамыз айынан Астана қаласы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы әлеуметтік-гуманитарлық білім зертханасының ғылыми қызметкері, Астана қаласы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

2012 жылғы қыркүйек айынан Павлодар қаласы «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы зертханасының меңгерушісі болып жұмыс жасады. 

2013 жылғы қыркүйек айынан «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

2014 жылғы қазан айынан Шарбақты ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015 жылғы ақпан айынан «Баянауыл ауданы білім беру бөлімі» ММ басшысы болып қызмет атқарды.

2016 жылғы тамыз айынан бастап «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы шілде айынан бастап Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы ММ басқарма басшысының міндетін атқарушы болып қызмет атқаруда.

2017 жылғы тамыз  айынан бастап Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы ММ басқарма басшысы болып қызмет атқаруда.

     
Oljas  

Әлімханов Олжас Сансызбайұлы – Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары

 

1988 жылы 11 желтоқсанда Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ауылында туған.  2010 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін  "металлургия" мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Инновациялық Еуразия Университетін «экономика және бизнес бакалавры"мамандығы бойынша  аяқтады. 2010 жылы С Торайғыров атындағы ПМУ "Өртең"шығармашылық жобалар орталығының жетекшісі.  2012 жылдан  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ММ  инспекторы, "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері" басқармасының инспекторы.

2013 жылдан бастап ақпараттық-талдамалық қызмет, жастар бастамаларын үйлестіру мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы,2015 жылдан осы бөлімнің басшысы.

2016 жылдан Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік қызмет істері жөніндегіАгенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы. 2017 жылғы қарашадан бастап  Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі жөніндегі орынбасары.

     
Svetlana.jpg  

Гладышева Светлана Анатольевна Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары

 

1981 жылы 10 желтоқсанда Павлодар облысы, Павлодар қ. туған.  2003 жылы Павлодар университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылы Психология магистрі дәрежесін алды. 2002 жылдан бастап№ 43 орта мектептеәлеуметтік педагог, психолог, этика және психология, «Қарым-қатынас жасау психологиясы» арнайы курсының  оқытушысы, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Дарынды балалармен жұмыс істеу негіздері», «Коррекциялық  педагогика» пәндерінің оқытушысы.

2011 жылдан бастап «Павлодар қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» Мемлекеттік әкімшілігінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы. 2012 жылдан бастап «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жастар және әлеуметтік бастамаларды үйлестіру және іске асыру бөлімінің бастығы.

2013 жылдан бастап Павлодар облысы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директорыныңәдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. 2014 жылдан бастап Павлодар облысы Жастар саясаты жөніндегі «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры.

2014 жылдың қазанынан бастап Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің  әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2016 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2017 жылғы 2 қарашадан бастап Басқарма басшысының қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі орынбасары.