"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Версия для слабовидящих

Сенім телефоны:
+7 7182 322288

ДІАҚМ ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобалардың онлайн-жәрмеңкесіне өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды

Алғаш рет Қазақстанда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасы бойынша ү.ж. 30-31 қазанда Атырау қаласында «АСАР» үш жақты серіктестік республикалық форумы (бизнес-ҮЕҰ-мемлекет) өткізілетін болады.

Форумның негізгі мақсаты – үшжақты қарым-қатынас механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзерлеу арқылы әлеуметтік жауапкершілікті және үшжақты серіктестікті дамыту.  

«Асар» форумы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бойынша  жыл сайынғы бизнес пен мемлекет және ҮЕҰ үшін диалогтік алаң болып табылады.

Форум аясында жобалар мен әлеуметтік идеялардың онлайн-жәрмеңкесі өтеді. Негізгі мақсаты - қоғамның әлеуметтік мәселелерін бірлесе айқындау мен шешуге қатысу арқылы бизнес пен ҮЕҰ арасындағы арақатынасын нығайту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік тәжрибесін алға жылжыту болып табылады.

Қазіргі таңда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі,                                     ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы, 2017 жылғы 8 қыркүйек пен 31 қазан аралығында болатын әлеуметтік жобалар мен идеялардың онлайн-жәрмеңкесіне қатысуға өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды.

ҮЕҰ-дар жәрмеңкеге қатысу үшін ұсынымдарды 2017 жылғы 6 қазанда сағ: 18.00 дейінгі мерзімде (Астана уақыты бойынша) asar@cisc.kz электронды мекенжайға қазақ немесе орыс тілінде жолдаулары қажет.  

Жәрмеңкеге кез-келген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қабылданады. ҮЕҰ үшін өтінім формаға сәйкес толтырылады және өтінімге міндетті түрде слайд (10 бетке дейін) немесе бейнеролик (ұзақтығы 3 минутқа дейін) немесе инфографика (5 данаға дейін) түріндегі презентациялық материал тіркелініп жіберіледі.

Ұсынымдар формасы мен жәрмеңке ережесін www.asar2017.kz сайтынан көруге болады.

Жәрмеңкені ұйымдастырушылар - Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы.  

Барлық сұрақтар бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Мунира Абуловаға +7 7172 61 81 84, abulova@cisc.kz хабарласуға болады.

Жәрмеңкеге қатысу туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы таба аласыз: http://asar2017.kz/ereje.