"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Версия для слабовидящих

Сенім телефоны:
+7 7182 322288

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2007 жылдағы 12 қаңтардың № 223 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (одан әрі - Заң) 2-ші тарау 9 баптың 3 тармағына сәйкес «...туу туралы куәлік; Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат; оралманның куәлігі; азаматтығы жоқ адамның куәлігі; Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты; Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты; жеке басты куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады».

Туу туралы куәлiктi қоспағанда, аталған Заңның 13-бабының 3 тармағының негізінде көрсетiлген құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады.

2013 жылдың 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 66- бабының 9 тармағының және жоғарыдағы басшылықтың сәйкес нұсқамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен Қазақстан Республикасының азаматтарынан   қалыптастырылған сәйкестендiру нөмiрi жоқ құжаттардың алынуы іске асырылады.  

Құжаттарда қалыптастырылған сәйкестендiру нөмiрi (ҚСН) бар немесе жоқ болуын анықтау:

1

2