"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Версия для слабовидящих

Сенім телефоны:
+7 7182 322288

«Жер – 2017 » республикалық командалық-штаптық оқу-жаттығуға Павлодар облысының азаматтық қорғаныс қызметтері қатысты

2017 жылдың 12-13 қазаны аралығында Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетімен "Жамбыл облысында туындаған күшті жер сілкінісі салдарын, төтенше жағдайларды жою барысында мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі күштері мен басқарма органдарының әрекет ету дайындығы" тақырыбында  «Жер – 2017 » республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығу Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің басшылығымен жүргізілді.

Аталған жаттығудың негізгі мақсаты мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің

SAM 2921 SAM 3277

төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша әрекеттерін, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметінің ықтимал күшті жер сілкінісі кезінде туындаған төтенше жағдайларды жою, басқарма органдарының дайындығын арттыру болып табылады.   

        Жаттығуға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары – министрлік пен ведомстволардың шұғыл топтары, 13 (Ақмола, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) облысы мен Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің  құтқару бөлімшелері мен басқарма органдары, республикалық және жергілікті азаматтық қорғау қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдары, Жамбыл облысының жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқармасы қатысты. Аталған жаттығуға барлығы 2000-нан астам адам мен 278 дана техника жұмылдырылды. 

SAM 3411

         Жаттығудың алғашқы кезеңінде Сейсмология институтынан күшті жер сілкінісі қаупі туралы мәліметі келіп түсті. Аталған болжам негізінде республикалық штаб халықты құлақтандыру, ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жиыны жөнінде және қирауы мүмкін аймақтан қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі шешім қабылданды. Еліміздің азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілді. Жамбыл облысындағы шартты жер сілкінісі орнына Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы ТЖ департаменттерінің шұғыл топтары мен техникалары, азаматтық қорғау әскери бөлімдері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл топтары бағытталды.

Келіп жеткен бөлімшелермен республикалық төтенше жағдайларды жою бойынша далалық  шұғыл штабы, өңірлердің жылжымалы пункттері құрылды. Баспаналарынан айрылып, зардап шеккен халыққа арнап алғашқы кезектегі барша тіршілік  қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген палатка лагерлері тігіліп, Қызыл жарты ай қоғамдық бірлестігі, псиологиялық қызметінің жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ медициналық көмек көрсетуге арналған Медициналық апаттар орталығының далалық госпиталі құрылды.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарының шұғыл топтарымен төтенше жағдай аймағындағы болжанған жағдайдың ықтималдығын бағалау және нақтылау жұмыстары жүргізіліп, жер сілкінісі салдарынан орын алған төтенше жағдайларлды жою бойынша жұмыстар көлемі мен тәртібі анықталды.

 Төтенше жағдайларды енгізу жөніндегі құжаттары дайындалды. Ақпараттық қолдау және Жамбыл облысында орын алған күшті жер сілкінісінің салдарынан қаза болған адамдардың туыстары мен таныстарына шұғыл психологиялық көрсету мақсатында психологтардың  «тікелей желі» телефонына тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылды.  

Ал жаттығудың екінші кезеңі бойынша құтқару бөлімшелерімен тәжірибелік тұрғыдан зардап шеккен халыққа көмек көрсету бойынша іс-әрекеттері атқарылды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өрт ошағын жойып, үйінді астын аршып, кинологиялық қызмет есебінің көмегін пайдалана отырып күшті жер сілкінісінен қираған ғимиараттар астынан зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп, химиялық-қауіпті нысандағы апаттар жойылды.

Зардап шеккендерді іздестіру және құтқару жұмыстары арнайы құтқару құралдарының көмегімен жүзеге асырылды.  Қауіпсіз орынға көшіру үшін арнайы техникалар мен құтқару авиациясының әуе кемелері пайдаланылды.

Жаттығу басшысымен барлық шұғыл топтардың басшыларының баяндамалары тыңдалып, олармен қабылданған шешімдер бағаланып, зардап шегішулерге арналған лагерлер мен медициналық госпитальді тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар байланыс жүйелерінің төтенше жағдайларды жою барысындағы басқару және құлақтандыру жұмыстарына баға берілді. 

"Жер-2017" РКШО қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың әрбір бөлігі бүге-шігесіне дейін талданып, күшті жер сілкінісі салдарын жою бойынша арнайы және құтқару  бөлімшелерімен атқарылған жұмыстары сарапталып, жергілікті және орталық басқару органдарының дайындығына тиісті баға беріліп, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің қызметін одан әрі арттырудың тиісті бағыттары айқындалды.