"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Версия для слабовидящих

Сенім телефоны:
+7 7182 322288

«МаМалыша» шығармашылық студиясының әлеуметтік жобасы

1

Әлеуметтік инвистициялау бағдарламаларын қолдау аясында өңірімізде АҚ «Самрұқ-Қазына», «Менің елім», «Үміт Үзбеу» қоғамдық фондының әлеуметтік жоба бойынша «МаМалыша» әлеуметтік кәсіпкерлік ұйымдарының қолдауымен іске асып отыр.

Жобаның шеңберінде мүмкіншіліктері шектеулі және мүгедек балалардың ата-аналарына семинар мен тренингтер жүргізілді. Сонымен қоса жас он әйелді тігін жұмыстарына үйретуде.

Мақсаты – Әйелдердің кәсіпкерлік біліктілігін арттыруға қолайлы жағадай жасау және жұмысқа деген қызығушылығын арттыру. Көзделген топтың өмірдегі маңызды жағдайлардан өтуі үшін арналған  минималды білім беру.

2017 жылдың 18 тамыз күні ММ «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» қабырғасында «Үміт Үзбеу» Қоғамдық Фонды мүгедек балалардың аналары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қатысумен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ММ Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, мүгедектермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы З.К. Абукалыкова шақырылды. Ол мүгедек балалардың аналары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік тапсырыс арқасында қандай мүмкіншіліктер бар жайында ақпарат берді.  Оның ішінде протездік-ортопедикалық бұйымдар, сурдо және тифло, арбалар, санаторлық – курорттық емделу, жеке компьютерлер мен ноутбуктар және оларды қалай алуға болатыны жайлы ақпарат айтты.

№2 Емхананың жетекшісі тегін медициналық көмекті қалай алуға (анализдерді тапсыру, медикаменттерді алу)болатыны және электрондық жүйе бойынша кезек жайында түсініктеме жүргізді. Ал Султанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жетекшісі  Краморова Оксана Владимировна емделуге квотаны қалай алу және құжаттарды қалай дайындау бойынша ақпарат берді.

Жергілікті Кәсіпкерлер Палатасының басшысы Ильясова Бахытжан Ильясовна жоба жазу бойынша ақпарат беріп, барлықтарын шағын бизнес ашуға шақырды. Сонымен қоса, дөңгелек үстел барысында әйелдер өздерінің проблемаларын түсіндіріп, оларды шешу жолдары бойынша сұрақтарына толықтай жауап алды. Көп сұрақтарға мемлекеттік жүйенің жетекшілері көмектесуге өз ниеттерін білдірді.

Осы іс-шара аясында ПМПИ психология кафедрасының доценті, педагогикалық ғылымдардың кандидаты - Кульшарипова Зару Касымовна семинарлар мен кеңестер өткізді. Тақырыбы: Білім беру кинезиология – «Тұлғаның әлеуметтенуіне әкеп соқтыратын психо-физиологиялық даму».

«ДАМУ Фондының» кеңесшілері бизнесті дамыту және бизнесті қолдаудағы субсидиялар мен жеңілдіктер бойынша кеңес берді.

Бұл жобаның іске асуы әлеуметтік кәсіпкерлікті құру арқасында, қиын өмірлік жолда тұрған, дегенмен өз өмірін жақсы жаққа өзгертуге тырысатын жас әйелдерді жұмыспен қамтамасыздандыру сияқты  аса маңызды сұрақтарды шешуге бағытталған.

2  3