"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Версия для слабовидящих

Сенім телефоны:
+7 7182 322288

Павлодар облысында үкіметтік емес ұйымдарға арналған Азаматтық орталық ашылды

Гражданский центрАғымдағы жылдың 27 желтоқсанында Павлодар облысында ҮЕҰ-ға арналған Азаматтық орталық ашылды. Орталық қала орталығында жаңартылған Журналистер үйі ғимаратында орналасты, тұрған жері   пайдалануға өте тиімді, әсіресе тұрғындардың шағынмобильді топтары үшін оңтайлы.  

Осындай орталық Қазақстан Республикасының Азаматтық қоғам және Дін істері министрлігінің ұсынымына сәйкес азаматтық сектор қызметін жандандыру мақсатында ашылды.

Азаматтық орталықта консультативтік-ақпараттық қызметтерді  үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері ғана емес,  өңірдің басқа да бастамашыл топтары және  жеке тұрғындары да алуына болады.

«2018 жылдың қаңтар айынан бастап Азаматтық орталық облыстың барлық ҮЕҰ-мен белсенді жұмыс атқаратын болады. Орталықта ауыл тұрғындары бастамаларын қолдауға ерекше көңіл бөлінетін болады. 

Мысалы, Ақсу қаласының ауылдық аймағы Сарышығынақ ауылында көп жылдар бойы киіз басудан әйелдер мектебі өткізіліп келіп, соңғы үш жылда өтілмей қалды.  Орталық осы бастаманы қолдап, облыстың басқа аудандарында дамытуды көздеп отыр» -  деді Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов өз сөзінде.

 Бүгінгі күні ҮЕҰ облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуда. Орталық жұмысын ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде және ҚР Азаматтық қоғам және дін істері министрлігінің гранты арқылы қаржыландыру жоспарланып отыр.

Облыс аумағында 749 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Алғаш рет,       23 қарашада ҮЕҰ-дың әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі «АсарПВЛ» форумы форматында өткізілді. Форум өндірістік кәсіпорындардың, шағын орта бизнес, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың өзара қарым-қатынасының тиімді алаңына айналды.

Осындай жәрмеңкелер тұрақты өткізілетін болады. Жобаларды арнайы  жинаққа енгізу үшін ұсыныстар ай сайын жиналатын болады.