«Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Жеңіс алаңы  15, анықтама телефондары (87182) 32-22-88, эл.мекенжайы: kense.uvp@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымына орналасу үшін мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды (негізгі қызметкердің баланы күтуге берілетін демалысы кезеңінде 15 тамыз 2020 жылға дейін):

 

         Басқарма басшысының  қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі орынбасары (уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым)  D-О-2 санаты, 1 бірлік, индексі 0-2

 

 

Санаты
Еңбек өтілі бойынша лауазымдық жалақысы (теңге)

 

D-O-2 163166 теңгеден бастап 220682 теңгеге дейін

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар.

Әлеуметтік ғылымдар саласындағы  экономика және бизнес мамандықтары бойынша жоғары білім: мемлекеттік және жергілікті  басқару, әлеуметтану, саясаттану, журналистика, менеджмент, психология, экономика және қаржы; Гуманитарлық ғылым саласы бойынша мамандықтар; философия, филология, тарих,  мәдениеттану,халықаралық қатынастар; Құқық саласы бойынша мамандықтар: халықаралық құқық, заңгер; Жаратылыстану ғылымдары саласындағы мамандықтар бойынша; математика, физика, жағрафия.       

Құзіреттер бойынша қойылатын талаптар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «”Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (2017 ж. 10 мамырдағы №98 бұйрықпен енгізілген өзгерістермен) бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзыреттерінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар.

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.**

Функционалдық міндеттері.

Қоғамдық бірлестіктермен,саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және этномәдени бірлестіктермен жұмысты жоспарлайды, үйлестіреді  және бақылайды. Қоғамдық-саяси үдерістерді және саяси партиялардың, кәсіподақтар мен этномәдени бірлестіктердің қызметін талдайды.  Облыс әкімі жанындағы консультативтік кеңестің қызметін, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру, қазіргі заманғы этноконфессионалдық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ақпараттық үдерістерді ескере отырып, басқарманың  ішкі саяси тұрақтылықты және қоғамдық келісімді сақтау  бойынша тұтас саясатын белгілейді және қамтамасыз ету  мәселелерін үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Қаржылық тәртіптің сақталуын, 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттікішкі саясатты іске асыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік ақпараттық   тапсырысты орындауға жасалған  келісімшарттардың сапалы орындалуын бақылайды.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Бекітілген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген kense.uvp@pavlodar.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат ішінде бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидатта техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Әңгімелесуге жіберілгендер туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы» ММ-ның Женіс алаңы 15 мекен жайында өтеді, телефон 8 (7182) 32-22-88.

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің                             5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конқурсқа қатысу шығындарын (әнгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттарды есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

Нысан

_____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

___________________________________________________________________________                                                                  ____________________________________

(қолы)                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Автор:

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *