Павлодар мен Түмен облыстарының басшылары серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды

Петропавлда өткен XV Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында Болат Бақауов пен Александр Моор меморандумға қол қойды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірлер арасындағы серіктестік жөніндегі келісім Болат Бақауовтың сәуір айында Түмен облысына жасаған сапары барысында атқарған жұмысының жемісі болды. Мамандардың айтуынша, Павлодар мен Түмен бір-біріне ұқсас өңірлер. Әсіресе, ірі өндірістік база, мұнай өңдеу, ауыл шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша ұқсастықтары көп.

Қазіргі уақытта Түмен Екібастұзда өсетін раушан гүлдерін өздеріне жеткізіп үлгерген. Оған қоса, Ертіс өзені бойымен ресейлік өңірлерге жүк жеткізу бойынша келісім бар. Павлодарлықтарды түмендіктердің мұнай-химия саласындағы тәжірибелері қызықтырады. Түмен облысы шет елдік инвестиция тарту бойынша Ресейдегі көшбасшылардың қатарына енеді.

Сонымен қатар, форум барысында Болат Бақауов Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенкоға Павлодар облысының туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Облыс басшысы Ертіс өңірінде қолға алуды жоспарлап отырған өндірістік туризмге ерекше назар аудартты. Ол ресейлік әріптесіне әлемдегі ең үлкен «Богатырь» ашық кен орыны мен ғаламшардағы ең ұзын екібастұздық 2-МАЭС өндірістік мұржасы жайлы айтып берді.

Дулат Райымбек

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Автор:

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *