Павлодарлықтар 5 номинация бойынша «Жомарт жүрек» республикалық премиясының үздігі атанды

2018 жылғы 6 желтоқсанда Астана қ. жыл сайынғы «Жомарт жүрек» премиясының салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

Ағымдағы жылы «Жомарт жүрек» премиясының лауреаттары арасында «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Вильгельм» шаруа қожалығының басшысы – Александр Филиппович Вильгельм жеңімпаз атанды. Ол Тереңкөл ауданы Львовка ауылында 50 орынға арналған «Зернышко» бала-бақшасын салды.

«Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша жеңімпаз ретінде «Павлодарлық өзен порты» АҚ басқарма төрағасы Тлеубек Рымбекұлы Нұрсейітов атанды, кәсіпкер «YBYRAI» Жас бағдарламашылар лигасына, атап айтқанда М. Катаев атындағы оқушылар сарайы және Май ауданындағы Көктөбе орта білім беру мектебінің ақпараттық технология кластарына 8 млн.теңге көлемінде материалыдқ көмек көрсетті.

Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы «Победа» ЖШС директоры –Александр Владимирович Поляков «Туған өлке» номинациясы бойынша бас жүлдені алды, меценат 36 млн. теңгені сомасына «Ақбота» бала-бақшасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Үш жылдың ішінде кәсіпорынмен 3 млн. теңге сомасында балаларға арналған үш ойын алаңдары, ашық хоккей алаңы және 30 млн. теңге сомасында кіші футбол алаңы салынды, сондай-ақ Орловка ауылында тұратын жас мамандарға 30 млн теңге сомасында 2 үй салынды.

«Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша «Ақсу жылыжай кешені» ЖШС атанды, басшысы – Ансат Бағдайұлы Жанатаев. Оның кәсіпорыны Ақсу қаласының № 8 мектеп оқушыларына және тағы басқа қала мектептеріне спонсорлық көмек көрсетеді. «Мектепке жол» акциясына, бірінші класс оқушыларын мектепке дайындау және оларды мектеп және спорттық формамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

«Ерен еріктілік» номинациясы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Аяжан Бақыбекқызы Құрманова жеңімпаз атанды. Оның атқарған жұмысына орай өңірде жастарды қолдау және олардың позициясын нығайту бойына бірқатар бағдарламалар және жобалар іске асырылды. Аяжан Павлодар қ. ірі «Әлеуеметтік волонтерлік орталығы» жастар ұйымына жетекшілік етеді, «Жеңіс» жобасын іске асырады, оның волонтерлері ағымдағы жылы 120 ҰОС ардагерлеріне көмек көрсеткен. Сонымен қатар, Аяжан және оның волонтерлері ауылдың балаларына «English for Jastar» атты жобааясында ағылшын тілін үйретеді.

Атап өтетін жағдай, республикалық конкурстың барлық жеңімпаздары облыстық деңгейдегі «Жомарт Жүрек» премиясының іріктеуінен өткен. Аталған іс-шара Павлодар облысының Ішкі саясат басқармасы және «Рухани Жаңғыру» жобалық офисімен бірлесіп өткізілді. Айтулы преимияның жеңімпаздары мектеп, спорт алаңдары, мұқтаж адамдарға тұрғын үй салған, бала-бақша ашқан, жолдарды және су құбырларын жөндеген. Өңірдің кәсіпкерлері бүгінгі күнге дейін көптеген әлеуметтік шараларды шешуде көмек көрсетеді. Сондықтан олардың ең үздігі «Жомарт жүрек» республикалық премиясының жеңімпазы атанды.

Автор:

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *