Павлодарлықтар «Рухани жаңғыруға» қатысты өз ұсыныстарын өңірлік жобалық офиске жолдай алады

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі тұрғындардан қызықты әрі шығармашылық ұсыныстар мен жаңа жобаларға арналған идеялар күтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мықты және жауапты адамдарды қалыптастыруға бағытталған. Егер болашақ ұрпақ ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениетін, дәстүрін сақтай отырып, ғаламдық әлем ұсынатын жаңашылдықтарды қабылдауды қалайтын болса, өзіміздің санамызды заман талабына сай жаңғыртуымыз керек. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар барша халықтың түсінуі мен қолдау көрсетуіне, ортақ мақсаттарға байланысты жүзеге асырылады, – деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты белсене қатысып, өз ұсыныстарыңызды «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің project_pvl@mail.ru, pvl_aqp_tolk@mail.ru электрондық мекенжайына жібере аласыздар.

pavlodarnews.kz

Автор: Admin

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *