Павлодарда азық-түлік бағасы төмендеді

Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыру мәселесі басқармамыздың тұрақты бақылауында, – деді ведомствода. Бағаны тұрақтандыру аясында басқарма Павлодар қаласының әкімдігімен бірлесіп, ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен, көтерме жеткізушілермен 20 меморандумға қол қойды. Ал қала мен аудан әкімдіктері 2019 жылға облыстың 99 әлеуметтік дүкенімен «Әлеуметтік дүкендердің» жұмыс етуін қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдар жасасты. Тұрақтандыру қорынан төмен бағамен өнім босатылуда. Апта сайынғы негізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Статистика департаментінің деректері бойынша, 2019 жылдың 3-7 маусым аралығында бірқатар бағалардың төмендеуі тіркелді. – Ақ қауданды қырыққабаттың келісі 175-тен 160 теңгеге (8,6 пайызға), 1-санатты тауық жұмыртқасы 233-тен 230 теңгеге (1,2 пайыз) дейін төмендеген. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап елдің оңтүстік өңірлерінен келісі 85 теңге болатын бағамен ақ қауданды қырыққабат жеткізу ұйымдастырылды. Айта кетейік, Павлодар қаласының әкімдігі «әлеуметтік дүкен» маңдайша жазуымен 5 әлеуметтік павильон орнатты. Тағы 3 павильон орнату сатысында. Сонымен қатар, «Затон» базарында 1 әлеуметтік бөлім және «Караван» базарында 3 бөлім ашылды.

Автор: admin

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *